Мәзір

№ 4 (108) (2025): Ізденістер, нәтижелер

Қазан - Желтоқсан 2025

Жарияланды: 30.12.2025

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ

ТҮЙЕ ТРИХОФИТТЕРІ ДЕРМАТОФИТТЕРІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

2006-2009 жылдар аралығында Алматы облысының түйе шаруашылықтарындағы эпизоотиялық жағдайды зерттеу барысында дерматофитозбен ауырған түйелерден 134 патологиялық үлгілер (жүн, тері үлбірлері және т.б.) бөлініп алынды. Бөлінген түзу өркендерден жақсы өнген шоқтар таңдалып, сусло агарының қоректік ортаға отырғызылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 7 түйе шаруашылығынан алынған 134 патологиялық сынамадан түйе трихофитозының 18 дерматофиті бөлініп алынды.Бұл ғылыми жұмыстарды жүргізу кезінде жағдай, температура және оқшауланған штаммның таңдамалы таңдауы ескеріледі. Бұл нәтижелер Л.Г.Иванованың және 1992 жылы жүргізілген ғылыми зерттеушілермен ажыратып балау арқылы сәйкестендірілді [4, 5, 6, 7, 8]. Вакцина штаммына құжаттың түпнұсқасы дайындалып, «ҚазАгроИнновация» АҚ «КазНИВИ» ЖШС «Микроорганизмдердің гендік қорын зерттеу» зертханасында сақтауға тапсырылды. Депозитарийленген Trichophyton sarkisovii штаммына F-0319 «KazSRVI» №3 депозитарий-коллекциялық нөмірі берілді. Көрсетілген Trichophyton sarkisovii F-0319 вакцина штаммына өнертабысқа өтінім беріліп, Қазақстан Республикасының Ұлттық агенттігінде алдын ала патент алынды [9, 10].

СУБКЛИНИКАЛЫҚ МАСТИТТІҢ ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ АЛДЫН – АЛУ ШАРАЛАРЫ

Сүт өндіруде сүт сапасының төмендеуіне әсер етуші факторлардың бірі – сауын сиырлар арасында кеңінен тараған субклиникалық мастит болып табылады. Сауын сиырлардан қауіпсіз және сапалы шикі сүт алу сүт-тауарлы фермалары үшін мастит ауруымен күрес шаралары өзекті мәселе болып табылады. Мастит ауруы - өндірілетін сүттің негізгі көрсеткіштерінің төмендеуіне, сиырлардың өнімділігінің азаюына, сондай-ақ, маститті емдеуге кететін шығынның көбеюіне, шаруашылықтағы жануарлардың жарамдылық мерзіміне кері әсерін тигізіп, үлкен зиянын тигізетінін ескерертін болсақ, сүтті мал шаруашылығында бұл мәселені шешу маңыздылығын жоймайды.

Өндірістік зерттеулер нәтижесінде, субклиникалық маститтің таралуын алдын-алу мақсатында ай сайын шаруашылықтағы сауын сиырлардың барлығын тест-диагностикумдардың көмегімен мастит ауруының формаларын желіннің әр бөлігінің зақымдану дәрежесі мен жиілігін тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, шаруашылықта сауылатын сиырлар арасында жалпы маститпен 22,6% ауырса, соның ішінде маститтің субклиникалық түрі – 20,3%, клиникалық түрі – 2,3% құрады. Ал, желіннің төрттен бір бөлігінің бұзылуы барлық сиырлардың - 45,8% -ында тіркелсе, төрттен екі бөлігі патологиясымен - 29,2%, төрттен үш бөлігі - 20,8% және қалған бөлігі – 4,2% көлемінде анықталды.

Шаруашылықтағы маститпен ауыратын сауын сиырлардан алынған сүт сынамаларын бактериологиялық зерттеу кезінде микроорганизмдердің мынадай түрлері анықталды: Streptococcus agalaetiae, Staphylococcus aureus, Staphylococcus hominis, Streptococcus dysgalaetiae, Staphylococcus haemolyticus, Staphylococcus saprophyticus, Staphylococcus epidermidis, Escherichia сoli, Clostridium perfringens, Candida тектес саңырауқұлақтар.

Өндірісте маститтің алдын алуға қолданылатын препараттардың тиімділігін бағалау жқмыстарының нәтижесінде, «Септогель» препаратының терапиялық әсері 83,3-85% құрап, «Этрис-1» маститке қарсы препаратынан 3,7 %-ға тиімділігі жоғары екені анықталды. Сонымен қатар, «Этрис-1» препаратын пайдаланғанда сиырлардың екеуінде мазасыздықпен, кішігірім агрессияның пайда болуы анықталды.

ІРІ ҚАРА МАЛДЫ ЖЕЛІНСАУҒА ҚАРСЫ ИММУНДАУ

Сиырлардың желінсауы – қазіргі заманғы мал шаруашылығындағы экономикалық шығынның басты факторларының бірі болып табылады. Ол іс жүзінде барлық жерде тіркеледі, субклиникалық түрін ескере отырып, жылына мал басының 30-50%-ын зақымдайды. Халықаралық сүт ұйымының бағалауы бойынша, бұл патология жоғары дамыған елдердің барлығында сүтті ірі қара шаруашылығындағы шығындардың негізгі себебі болып қала береді, ал Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының деректері бойынша, желінсау сиырлардың барлық ауруларын қосқандағыдан да үлкен зиян келтіреді. Шаруашылықтардың желінсау ауруларынан келетін экономикалық шығындары – сүт өнімділігінің төмендеуі, сиырларды мерзімінен бұрын жарамсыз деп тану, тауарлық сүттің сапасы мен өткізу бағасының төмендеуі, емдеу шығындарынан құралады. Жағдайды талдау көрсеткендей, желінсауды көбінесе бактериялар тудырады. Соңғы 15 жылда бүкіл әлем бойынша шикі сүт пен желіні ауырған сиырлардың сүт безі бөліндісінен жиі түрде патогенді стрептококтар мен стафилококтар бөлініп алынған. Бұл микрофлоралар адамдарда сүт тұтынғаннан кейін ас қорыту және тыныс алу ағзаларының әртүрлі бұзылыстарын тудыруы мүмкін. Сондықтан қазіргі уақытта сүт безі ауруларын емдеу және алдын алу мәселесі ветеринария дәрігерлері мен ғалымдар үшін өзекті болып қалып отыр.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИКСОД КЕНЕЛЕРІНІҢ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ИДЕНТИФИКАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ТРАНСМИССИВТІ ПАТОГЕНДЕРДІ МОНИТОРИНГТЕУ

Трансмиссивті инфекциялардың таралуы көбінесе жануарлар мен адамдар арасында қоздырғыштарды тиімді тасымалдай алатын қан сорғыш эктопаразиттердің белсенділігіне байланысты. Климаттың өзгеруі мен экожүйелердің трансформациясы жағдайында кене арқылы берілетін патогендердің таралуын қадағалау өзекті мәселе болып отыр. Қазақстан аумағының кеңдігі мен табиғи-климаттық аймақтарының әртүрлілігі кене арқылы берілетін инфекциялардың айналымына қолайлы жағдай туғызады. Алайда ел аумағындағы кенелердің молекулалық сипаттамасы әлі де жеткіліксіз деңгейде зерттелген.

Бұл зерттеу аясында Қазақстанның жеті өңірінде кенелер жиналып, ауыл шаруашылығы жануарларынан және табиғи биотоптардан алынған 300-ден астам үлгі талданды. Түрлік сәйкестендіру ПТР әдісімен және митохондриялық маркерлерді (COI және 16S rDNA) секвенирлеу арқылы жүргізілді. Сонымен қатар, Borrelia spp., Rickettsia spp., Anaplasma spp. және Babesia spp. сияқты патогендердің ДНҚ-сын анықтау үшін молекулалық скрининг жасалды.

Зерттеу нәтижесінде Қазақстанда бұрын тіркелмеген кейбір жаңа нұсқалармен қатар, кенелер мен патогендердің жоғары түрлік әртүрлілігі анықталды. Бұл жұмыс векторлық инфекцияларға молекулалық мониторингті кеңейтудің маңыздылығын көрсетіп, елдің ветеринариялық және эпидемиологиялық қауіпсіздігіне елеулі үлес қосады.

ЕШКІ СҮТІН САЙДУЛДИН РЕАКЦИЯСЫНДА БРУЦЕЛЛЕЗГЕ БАЛАУ

Зерттеу нәтижесінде Сайдулдин реакциясындағы конглютиндеуші қан сарысуын ешкі сүтімен әрекеттестіру арқылы белсенділігін анықтап,  бірыңғай бруцеллез антигенінің 1,2 АБ тең езінділерін пайдаланып,  ешкі сүтін  бруцеллезге балау жүргізілді. Сүтті тексеру нәтижесі бекітілген бруцеллезге қан сарысуын тексеру әдістерімен салыстырылды. РБС және КБР бойынша барлық ешкінің қан сарысуынан оң нәтиже берген сынамалардың саны 14, ал СР-да бұл нәтижелер расталып, қосымша 6 сынамадан оң нәтиже алынды. Сүтті СР-да тексергенде жалпы 12 сынама бруцеллезге оң нәтиже берді. Бұл нәтижелер қан сарысуын тексерген әдістерде расталды. Статистикалық өңдеу нәтижесінде КБР-ғы антидененің орташа титрі 1:16 (+15,7%; -13,5%), қан сарысуымен СР-да 1: 46 (+26,6%; -21,1%), ал сүтпен СР-да  1:16 (+15,7%; -13,5%) болды. КБР-ғы және сүтпен СР-ғы антидененің орташа титрлерінің айырмашылығы статистикалық дәлелсіз, қан сарысуымен СР-ғы антидененің орташа титрі жоғарыда айтылған екі тесттің көрсеткішінен үш еседей артық. Зерттеу барысында ұсынып отырған ешкі сүттін Сайдулдин реакциясында бруцеллезге балау әдісі, диагностикалық сезімталдығы жағынан қолданыстағы қан сарысуын тексеруге арналған РБС және КБР-мен бірдей, ал СР-дан төмен екендігі дәлелденді.

Зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, ешкіден қан сарысуын алмай, тек сүтін Сайдулдин реакциясында бруцеллез антигенін және конглютиндеуші қан сарысуын қолданып, бруцеллезге телімді антиденені гемолизинмен сенсибилизацияланған қой эритроцитінің конглютинациялануына байланысты анықтауға болады.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СІБІР ЖАРАСЫНЫҢ ЭПИЗООТИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫ

Мақалада соңғы онжылдықта Қазақстандағы сібір жарасының эпизоотиялық жағдайы, таралу ерекшеліктері және алдын алу шаралары жан-жақты қарастырылған. Зерттеу барысында Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде аурудың пайда болу жиілігі мен географиялық таралуы анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша негізгі ошақтар Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Жамбыл облыстарында тіркелген. Бұл аймақтарда қоздырғыштың споралары топырақта ұзақ сақталатындықтан, аурудың қайта таралу қаупі жоғары болып отыр. Орта есеппен жылына 8–15 жаңа ошақ анықталған, ал 2016, 2018 және 2022 жылдары аурудың көбеюі байқалған.

Сібір жарасы негізінен ірі қара малда (60–65%) жиі кездессе, қой мен ешкіде 20–25%, жылқыда 10%, түйеде 5% деңгейінде тіркелген. Маусымдық тұрғыдан жаз және күз айларында аурудың таралу қаупі жоғарылаған, себебі жайылым жағдайында жануарлар спорамен ластанған шөп пен топыраққа жиі тап болады.

Алдын алу үшін жыл сайын жоспарлы вакцинация жүргізіліп, орта есеппен 5–6 млн мал басы қамтылған. Дегенмен, кейбір аймақтарда толық орындалмауы жаңа ошақтардың пайда болуына себеп болған. Зерттеу нәтижелері сібір жарасы әлі де өзекті эпизоотиялық мәселе екенін көрсетті, сондықтан мониторингті күшейту, зертханалық диагностиканы жетілдіру, вакцинацияны толық қамту және ветеринариялық бақылауды арттыру қажет деп саналады

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ BACILLUS ANTHRACIS ШТАМДАРЫНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бұл мақалада Bacillus anthracis штамдарының молекулярлық-генетикалық ерекшеліктерінің соңғы жылдардағы ағымы мен өзгерістері, жаңа әдістердің тиімділігі мен әртүрлі дәлелденген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің салыстыруға негізделген. Әлемдік филогенетикалық құрылымда B. anthracis үш негізгі генетикалық топқа ажыратады: A, B және C. штаммдардың үш тобының таралуы біркелкі емес: шамамен 90% А тобына жатса, 10 % – В және 0,1 % – С тобы аз бөлігін құрайды. Негізгі генетикалық А тобындағы 35 нәруыздың 8 өзгермелі, қалғандары – референс-штаммдар, Spo0J – бір ген, бірақ Tsiankovskii-1 штаммының гені SNP 705T→C осы генмен синонимдес. Spo0M – мөлшерлері 252 және 251 а.к. гендерінің соңғысы делециямен ерекшеленеді T67, генінің делециясы 198-200. SpoIID – екі ген, референтті және штаммнан ерекшелейтін 351/520 (canSNP-топ A.Br.Aust94) синонимдес мына генмен SNP 927C→T сәйкес. SpoVAD – гомологиялық емес екі нұсқаның мөлшерлемесі жағынан 338 а.к. барлық А топтағы штаммдарда кездеседі. B. anthracis штаммдарының топтарында консерватизм SpoIIE, II кезең sporulation protein P, SpoIIR, SpoIIIAA, SpoIIIAB, SpoIIIAE, SpoIIIAG, Spoiiiid, SpoIVFA, SpoIVFB, SpoVAA, SpoVAE, SpoVID, Cdas, YlbJ, KinA ақуыздарына да тән. керісінше, KinB екінші негізгі сенсорлық гистидинкиназа А тобында B. anthracis штаммдарында үш генде бар.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТІСУ ӨҢІРІНДЕ ОРДАБАСЫ ҚОЙ ТҰҚЫМЫНЫҢ ӨСУІ МЕН ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мақалада Жетісу облысы Панфилов ауданы «Шүкейт-Ата» шаруа қожалығы жағдайында етті-майлы өнімділік бағытындағы ордабасы қойының өсу, даму және экстерьер көрсеткіштерін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Әртүрлі жыныстық жас тобындағы малдардың тірілей салмағы мен биометриялық параметрлеріне кешенді талдау жүргізіліп, қаңқа дамуының деңгейін, кеуде қуысының қалыптасуын, дене құрылымының пропорционалдығы мен үйлесімділігін сипаттайтын индекстік көрсеткіштер анықталды.

Ордабасын қойы жоғары  тез жетілгіштігімен, тірі салмақ қосуының тұрақтылығымен, мықты конституциясымен және заманауи қой шаруашылығы талаптарына сәйкес айқын етті пішіндерімен ерекшеленетіні анықталды.

Алынған деректер бұл тұқымның жайылымдық жағдайда жоғары бейімделгіштігін және генетикалық әлеуетін дәлелдейді әрі Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарында одан әрі өсіруге ұсынуға мүмкіндік береді. Ордабасы қой тұқымы жоғары өнімділігімен, экологиялық бейімделгіштігімен және экономикалық тиімділігімен қой шаруашылығын тұрақты дамытуға арналған құнды селекциялық ресурс болып табылады.

Зерттеу нәтижелері бойынша, 4–4,5 айлық тоқтының орташа тірі салмағы 37,6 кг-ға, 1,5 жастағы тоқты – 47,6 кг-ға, 2,5–3,5 жастағы саулықтар – 62,4 кг-ға, ал 2,5 жастағы қошқарлар – 72,5 кг-ға жететіні анықталды.

Алынған тірі салмақ көрсеткіштері мен негізгі зоотехникалық дене өлшемдері ордабасы тұқымының стандартына толық сәйкес келеді.

ІЛЕ-БАЛҚАШ БАССЕЙНІНІҢ ЖЕРГІЛІКТІ МАҢЫЗЫ БАР СУ АЙДЫНДАРЫНДА БАЛҚАШ АЛАБҰҒАСЫНЫҢ (PERCA SCHRENKI KESSLER, 1874) ТАРАЛУЫ

Мақалада 2013-2023 жж. Іле-Балқаш бассейніне жататын 13 жергілікті маңызы бар су айдындарына жүргізілген зерттеу нәтижелері берілген. Зерттеу нысандары - Құркөл, Сарыкөл, Жидекөл, Құры-Сары, Дүпшінкөл, Құндызды, Деревянное, Қайнар, Октябрь, Жаңадәуір, Достық, Крестьянский, Ащыкөл көлдері. Сонымен бірге, алабұғалар отряды (Perciformes), алабұғалар тұқымдасына (Percidae) жататын балқаш алабұғасының (Perca schrenki Kessler, 1874) сипаттамасы, оның ішінде, балқаш алабұғасының бассейн бойынша таралуы, ертеректегі аулау көрсеткіші, қоректену ерекшеліктері, санының азаюы, оның себептері мен шектеуші факторлары, Халықаралық табиғат қорғау одағының (ХТҚО) Қызыл тізіміне және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енуі жөнінде де мағұлматтар берілген. Мақалада  сонымен қатар, зерттеу кезінде қолданылған аулау құралдарының сипаты және пайдаланған әдістемелер, ауланған орындардың картасы, суайдындардың ихтиофаунасы, ауланған балқаш алабұғасының ұзындық-салмақтық көрсеткіштері, көлдер бойынша балықтардың қоңдылығы (Фультон коэффициенті бойынша), кездесу жиілігі (пайызбен) көрсетілген және көлдердің әкімшілік аудандар бойынша орналасу мәліметі келтірілген. Зерттеу нәтижелері бойынша басқа көлдерге қарағанда балқаш алабұғасының саны Ащыкөл және Дүпшінкөл көлдерінде жоғары екені анықталды, Фультон бойынша қоңдылығында барлық көлдерде алабұғаның қоңдылығының орташа көрсеткіштері төмен емес және көлдер арасында  айырмашылық болмағанын көрсетеді.     

ҚАПШАҒАЙ СУ ҚОЙМАСЫНДАҒЫ КАСПИЙ ҚАРАКӨЗІ RUTILUS CASPICUS (YAKOVLEV 1870) ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІН ТАЛДАУ

Бұл мақалада Қапшағай су қоймасын мекендейтін қаракөз (Rutilus caspicus) балығының морфологиялық талдауы берілген. Талдауда жалпы саны 25 дана қаракөз өлшенген, оның ішінде, 16 меристикалық және 23 пластикалық белгілері алынған. Морфологиялық өлшемдері алынған балықтардың жастық құрамы 3-6 жас аралығындағы дарақтар болды. Олардың дене ұзындығы мен салмағы, жыныстық айырмашылықтары, сондай-ақ, бұрынғы ғалымдардың жүргізген зерттеулермен салыстырмалы сипаттамасы берілді. Алынған барлық морфометриялық көрсеткіштер статистикалық өңдеуден өткізілді. Нәтижесінде дарақтардың орташа мәндері, орташа сызықтық ауытқулары, орташа квадраттық ауытқулары, вариация коэффициенттері және қоңдылық коэффициенттері есептелді. Алынған деректер негізгі компоненттер анализі (PCA) арқылы талданды.

Мақалада берілген зерттеу жұмыстары жалпыға ортақ ихтиологиялық әдістемелер негізінде жүргізілді және әдістемелерде аулауға қолданған құрма аулардың өлшемдері мен құрал-жабдықтардың сипаттамалары берілді.  

Жүргізілген талдау нәтижесінде Қапшағай су қоймасындағы қаракөздің денелерінің ұзындық-салмақтық көрсеткіштеріне қатысты пластикалық белгілерінде айтарлықтай айырмашылықтар анықталғанмаған. Ал меристикалық (сандық) сипаттамалар ішінде омыртқа саны мен желбезек тілшелерінің мөлшерінде шамалы өзгерістер байқалған. Зерттеу нәтижелері популяцияның морфологиялық тұрақтылығын дәлелдеп, Қапшағай су қоймасының қаракөз балығы үшін қолайлы орта екенін көрсетті.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ ЕТТІ-ЖҮНДІ БИЯЗЫЛАУ ЖҮНДІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰЙРЫҚТЫ ҰЯҢ ЖҮНДІ ҚОЙ ТҰҚЫМЫНЫҢ ("БАЙЫС" СҮЛЕСІ ККПГ Х ҚЕЖБЖ) БУДАНДАСТЫРЫЛҒАН ҚОЗЫЛАРЫНЫҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫ

Мақалада Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының "Украинское"ЖШС-де өсірілген будандастырылған қозылардың өсуі мен дамуы туралы мәліметтер ұсынылған. Жас қойлардың өнімділігі бағаланды және зерттелді. Жас малдың өсуі мен дамуы, тірі салмағының сыртқы көрсеткіштері мен динамикасын бағалау, сою көрсеткіштері, жас тоқтылардың (МШК х ККПГ) будандарының бордақылауы және ет сапасы зерттелді. Зерттеу барысында қозылардың туған кездегі өлшемдері алынды және олардың дене бітімі индекстері есептелді. Бастапқы аналық тұқымның қойлары бар будандастырылған тоқтылардың өнімді және гематологиялық сипаттамаларына салыстырмалы сипаттама берілген. Биылғы жылы тұылған 4-4,5 айлық жастағы төлдердің аналықтардан бөліп шығару кезінде алдын ала сұрыптау және ұрпақтарының сапасы бойынша 10 өндіруші қошқардың сынақ деректері өңделген. Бұдан қозылардың жүні биязылау жүүн қасиеттеріне ие екендігі анықталды, биязылау жүнің жіңішкелеу сапасына (50-48 сапа) және (48 сапасына) жатқызылды.

Әр түрлі генотиптегі 4-4,5 айлық қозылардың сою көрсеткіштері мен ет сапасы және олардың ұшаларының морфологиялық құрамы ұшалардағы бұлшық етімен майдың оңтайлы арақатынасын көрсетті. Ет коэффициенті топтар бойынша 4,46 және 4,24% құрады. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы "Украинское" ЖШС жағдайында қазақ құйрықты ұяң жүнді тұқымы мен қазақтың етті-жүнді биязылау жүнді қойларының (ЕЖБЖҚ) қатысуымен бұдандастыру, жүннің өнімділігін, сапасын және қой шаруашылығының рентабельділігін арттырудың жоғары тиімді құралы болып табылады.

БИЕ СҮТІН СҮЗУ МЕН ПАСТЕРЛЕУ РЕЖИМДЕРІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ НЕГІЗІНДЕ ФУНКЦИОНАЛДЫ ТАҒАМ ӨНІМІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ

Мақалада «Арда» тұқымдық желісіне жататын биелердің сүті негізінде функционалды сүтті биококтейль өндіру технологиясын әзірлеу бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Негізгі назар фильтрация мен пастерлеу процестерін оңтайландыруға, биологиялық белсенді заттарды сақтау мен жоғары микробиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталды. 3 мкм тесігі бар сүзгі арқылы сүзу сүттің жалпы бактериалдық ластануын және соматикалық жасушалар санын азайтуға мүмкіндік берді, май фракциясының шығынын барынша төмен деңгейде сақтай отырып. 72 °C температурада 15 секунд пастерлеу патогенді микроорганизмдерді тиімді жоя отырып, ақуыздар, лактоза және суда және майда еритін дәрумендердің бастапқы мөлшерінің 90 %-дан астамын сақтауға мүмкіндік берді.

Ферментациялық үдеріс кезінде Lactobacillus acidophilus және Bifidobacterium bifidum (1:1) ашытқы дақылдары пайдаланылды. Сүтке 10 % майсыздандырылған құрғақ сиыр сүтін қосу ашыту процесінің тұрақтылығын қамтамасыз етті. Өндіріс барысында өнімге асептикалық жағдайда фитоқоспа (итмұрын сығындысы) және табиғи тәттілендіргіш енгізілді, бұл биококтейльдің органолептикалық және функционалдық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік берді. Алынған өнім біртекті консистенциясымен, жұмсақ қышқыл сүтті дәмімен, жоғары өміршеңдігі бар пробиотикалық мәдениеттердің деңгейімен (≥10⁸ КТБ/мл) және тұрақты қышқылдық көрсеткіштерімен сипатталды. Әзірленген технология биологиялық және пробиотикалық әлеуеті жоғары функционалды сүт өнімін алуға мүмкіндік береді және ол балаларға, қарт адамдарға, сондай-ақ денсаулығы әлсіреген тұлғаларға тұтынуға ұсынылады.

МАЛ ГЕНОТИПІНІҢ ЖЕМШӨПТІ ТҰТЫНУҒА ЖӘНЕ ҚОРЕКТІК ЗАТТАРДЫҢ КОНВЕРСИЯ КОЭФФИЦИЕНТІНІҢ ЕТТІ ІРІ ҚАРА БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАС МАЛДАРДЫҢ ӨСУІНЕ ӘСЕРІ

Зерттеуде әртүрлі генотипті малдың азық тұтынуына және қоректік заттарды конверсиялауына әсерін салыстырмалы зерттеудің нәтижелері ұсынылған. Зерттеу барысында қазақ ақбас сиырлары және олардың симментал, лимузин және әулиекөл тұқымдарымен будандастырылған төлдері қарастырылды. Жануарлар бірдей жағдайларда ұсталынған және теңестірілген рационы берілген. Будандастырылған малдар, әсіресе симменталмен төлдері, таза тұқымды жануарларға қарағанда азық тұтыну көлемі, тірі салмақтың өсу қарқыны және қоректік заттарды тиімді пайдалану көрсеткіштері жоғары болғаны анықталды. Тұқым ерекшеліктері әр жас кезеңіндегі өсу динамикасына айтарлықтай әсер етті: будандастырылған малдар туған кездегі салмағы жоғары болып, 18 айға дейін өсу артықшылығын сақтады. Ең тиімді азық пайдалану симментал төлдерінде байқалды, бұл тірі салмақ өсіміне азық конверсиясының төмендігі мен қоректік заттардың ең тиімді пайдаланылуымен көрінді. Зерттеу нәтижелері қазақ ақбас сиырын ет бағытындағы тұқымдармен, әсіресе симменталмен будандастырылған малдың өнімділігін арттыруға, азық ресурстарын оңтайлы пайдалануға және бордақылаудың экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретініне дәлел болып табылады. Алынған деректер азықтандыру, мал ұстап-бағу технологияларын әзірлеуде.

ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАС ТҰҚЫМЫНЫҢ ТҰҚЫМІШІЛІК ТИПТЕРІНІҢ БҰҚАШЫҚТАРЫН ӨСУІ МЕН ДАМУЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ БАҒАЛАУ

Мақалада Батыс Қазақстан облысындағы "Сұлтан"ШҚ жағдайында өсірілетін қазақ ақбас тұқымды бұқалардың өсімі мен дамуының салыстырмалы бағалау нәтижелері келтірілген. Зерттеуге туғаннан 18 айға дейінгі тірілей салмағының динамикасы, орташа тәуліктік өсуі, дене өлшемдері мен индекстерінің өсу коэффициенттері талдау келтірілген. Анкатылық іріленділіген тип  ең үлкен тірілей салмақ (15 айда 425,6 кг және 18 айда 498,5 кг) және 12-15 ай аралығында 1115,8 г жететін максималды орташа тәуліктік өсімді көрсетті.

Заволжский тип аралық көрсеткіштерге ие болды (15 айда 417,5 кг), ал Шағатай тұқыл типі бұқашықтары төмен көрсеткіштерге ие болды және сырт пішіні бойынша ақтам типті болды (15 айда 400,6 кг).

Дене өлшемдердің улердің жоғарылау коэффициенттері анката типіндегі кеуде формаларының айқын дамуын көрсетті (кеуде тереңдігінің 2,75 есе артуы). Барлық ішкі түрлер тұқым стандартынан едәуір асып түсті, бұл жоғары генетикалық потенциалды және фермадағы асыл тұқымды жұмыстың тиімділігін растайды.

Барлық тұқым ішілік типтерінің бұқашыштары тұқым стандартынан едәуір асып түсті, бұл жоғары генетикалық потенциалды және шаруашылықтағы асыл тұқымды жұмыстың тиімділігін растайды.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, АГРОХИМИЯ, АЗЫҚ ӨНДІРУ, АГРОЭКОЛОГИЯ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЕГІСТІК ТОПЫРАҚТАҒЫ ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ МОНИТОРИНГІ

Қазақстанның негізгі астық егетін өңірлері үшін топырақтың құнарлылығы табысты егіншіліктің негізі болып табылады, оны сақтау аграршылардың бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Чернозем топырағы республиканың солтүстік бөлігінде кең таралған. Бұл аймақ Солтүстік Қазақстан облысын, Қостанай облысының көп бөлігін, Ақмола облысының солтүстік бөлігін қамтиды. Барлық қара топырақ топырақтары құнарлы, бірақ қарашірік қабатының қуаты бойынша олар аз қуатты (40 см – ден аз) Органикалық заттардың құрамы-алғашқы екеуінде 6-8%, ал оңтүстік қара топырақтарда Органикалық заттардың мөлшері 4-6% құрайды. Жұмыста егістік дақылдарды өсіру кезінде Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақомлин облыстарының егістік топырағындағы Органикалық заттардың (гумустың) құрамын зерттеу бойынша зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу нысаны ауылшаруашылық құрылымдарының егістік топырағы болды. Гумустың пайыздық мөлшерін анықтау әдістемесі күкірт қышқылындағы калий диоксиді ерітіндісімен органикалық заттарды тотықтыру әдістемесіне негізделген. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша гумустың орташа мөлшері 4,6-5,5 %, Қостанай облысы бойынша - 3,3-4,8 %, Ақмола облысы бойынша - 3,2-4,5% құрады. Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің қалыптасқан жағдайында өңірдің егістік топырақтарындағы қарашірік балансы теріс күйінде қалып отыр, бұл құнарлылықтың төмендеуін және оны органикалық тыңайтқыштар енгізу және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің ресурс үнемдеуші агротехникасын сақтау есебінен толықтыру қажеттігін көрсетеді және осы көрсеткіш бойынша баланстық сальдо мәндерін тұрақты бақылауды талап етеді.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТОПЫРАҚ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА ШИКІЗАТТЫҢ ӨНІМДІЛІГІ МЕН САПАСЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА СЫРА АРПАСЫНЫҢ ӨСІРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ АГРОТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ

Сыралық арпаны өсіру тиімділігін арттыру қажеттілігі өсіп келеді, бұл да пивоварлық және тамақ өнеркәсібі үшін маңызды ауыл шаруашылығы дақылы болып табылады. Климаттың өзгеруі, ылғалдың тұрақсыздығы және топырақ-ағрономиялық ресурстардың таусылуы жағдайында аймақтың нақты топырақ-климаттық жағдайларына бейімделген егіс мерзімдері мен егу нормалары сияқты оңтайлы агротехникалық тәсілдерді ғылыми негіздеу ерекше маңызды болып отыр. Мақалада Алматы облысының Балқаш ауданының табиғи-климаттық жағдайларында «Арна» сұрыпты пивоварлық арпаның егіс мерзімдері мен егу нормаларының өсуі, дамуы, фенологиялық ерекшеліктері, өнімділігі және дән сапасына кешенді көпжылдық зерттеулер нәтижелері ұсынылған.Зерттеу барысында гектарына 5,0 млн өскін дән нормасымен ерте егу мерзімі мықты өскіндердің қалыптасуына, өсімдіктердің оңтайлы дамуына және жоғары өнімділікке – 30,1 ц/га дейін жетуге ықпал ететіні анықталды. Өнім құрылымының талдауы бойынша, егу нормасының 2 млн-нан 6 млн-ға дейін өсуі өнімді сабағының санын 300-ден 460 шт./м²-ге арттырғанымен, өнімді бұталылық төмендейтінін көрсетті, бұл өсімдіктердің өтемдік механизмдерін білдіреді. Корреляциялық талдау құрақтағы дән саны мен құрақ өнімділігі арасындағы жоғары байланысты (r = 0,977), сондай-ақ өнімді бұталылық пен егу нормасы арасындағы кері байланысты (r = –0,847) растады.«Арна» сұрыпты дән сапасы натура көрсеткіштерімен (654 г/л дейін), іріктілігімен (85% дейін), өну қабілетімен (95% дейін), пленчатылығымен (шамамен 9,5%), ақуыз мөлшерімен (шамамен 11,6%), крахмал мөлшерімен (61,3% дейін) және экстрактивтілігімен (76,1% дейін) сипатталды, бұл оптималды 5,0 млн дән нормасында байқалды. Сонымен қатар, егу нормасын 6,0 млн дәнге дейін арттыру өнімділік пен 1000 дән массасының өсуіне ықпал еткенімен, ақуыз мөлшерін төмендетті.Аталған деректер жергілікті топырақ-климаттық жағдайларға бейімделген егіс мерзімдері мен егу нормаларын кешенді түрде таңдау қажеттігін көрсетеді, бұл «Арна» сұрыпты пивоварлық арпаның жоғары өнімділігі мен сапасын қамтамасыз етеді. Ұсынылған агротехникалық шаралар ГОСТ 5060-86 талаптарына сәйкес келетін дән алуға мүмкіндік береді, бұл өңірдің пивоварлық саласының дамуы үшін маңызды. Алынған нәтижелер аймақ жағдайында пивоварлық арпаны өсіру технологияларын оңтайландыруға ұсынылады.

ТОПЫРАҚТЫ ӨҢДЕУДІҢ АГРОТЕХНОЛОГИЯСЫН ТАЛДАУ

Өсімдік шаруашылығындағы топырақты өңдеудің негізгі жүйелері сипатталған. Топырақты өңдеу түрлері бойынша жіктеу берілген. Топырақты өңдеудің агротехнологияларының мәні, артықшылықтары мен кемшіліктері талданды: дәстүрлі (қабат айналымымен әдеттегі), минималды (топырақты қорғайтын ресурс үнемдейтін) – "Mini-Till", нөлдік – "No-till" және жолақ – "Stril Tillage".

Дәстүрлі технологиямен жер жырту қабаттың айналымымен жүзеге асырылады, ауылшаруашылық дақылдарын егуге және отырғызуға топырақтың сапалы дайындығы бар, өйткені ол қабаттың оралуын, топырақтың ұсақталуы мен араласуын, топырақ қалдықтарын, органикалық және минералды тыңайтқыштарды, арамшөптерді жабуды қамтамасыз етеді.  Mini-Till технологиясымен топырақты дайындау кезінде құнарлы жердің жоғарғы қабаты төңкерілмейді, бірақ топырақ құрылымын сақтайды. Егістіктердегі топырақ тек тұқым себу тереңдігіне дейін қопсытылады немесе мүлдем өңделмейді.

No-Till технологиясымен топырақты өңдеуден толығымен бас тарту және инновациялық технологияны қолдана отырып, егістікте төрт негізгі механикаландырылған операцияны орындау қарастырылған: себу алдында гербицидтерді қолдану (күзде немесе көктемде; тұқымдарды орналастыру үшін сабанында тек кішкене борозды құрайтын арнайы тұқым сепкішпен тұқым себу; гербицидтерді қолдану).өсімдіктер мен егін жинау кезінде).

Stril Tillage жолақты қопсытқышпен арнайы қопсытқыштар ені 25 см-ге дейінгі сызықтарды босатады. Сонымен қатар, дәліздер өзгеріссіз қалады. Бұл өңделген топырақтың мөлшерін азайтады және өсіру құнын төмендетеді. Технология өңделмеген жерлерде ылғал мен қоректік заттарды сақтауға мүмкіндік береді, бұл ресурстарды тиімдірек пайдалануға және өнімділікті арттыруға ықпал етеді.

ҚЫЗАНАҚ КӨШЕТТЕРІН ТАМЫР ШІРІГІНЕН ҚОРҒАУДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ

Тамыр шірігі – көшеттердің ең зиянды ауруларының бірі. Аурудың негізгі инфекциялық көзі – тұқымдар мен топырақ. Тұқым инфекциясына қарсы фитосараптама негізінде тұқымның патогендік микрофлорасын тежейтін, олардың өнгіштігі мен тамыр түзілуін ынталандыратын қорғаныш ынталандырғыш құрамдар әзірленді. Топырақ инфекциясына қарсы Фитолавин, с.е.к.  биологиялық фунгицидімен екі рет суару жүргізілді, әзірленген экологиялық таза жүйе Превикур энерджи, с.к. синтетикалық фунгициді деңгейінде тамыр шірігімен көшеттердің зақымдануын тиімді төмендетеді. Бұл жағдайда тұқымның себу сапасы, өсімдіктердің дамуы ынталандырылады және қоршаған орта мен топырақ улы қалдықтармен ластанбайды.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ДАЛАЛЫҚ АЙМАҒЫНДАҒЫ МАҚСАРЫ ӨНІМДІЛІГІНЕ МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ, ЭКСТРАСОЛ БИОПРЕПАРАТЫНЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КОМБИНАЦИЯСЫ МЕН ТОПЫРАҚТЫ НЕГІЗГІ ӨҢДЕУ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ӘСЕРІ

Алматы облысының жартылай құрғақ даласы жағдайында мақсарының максималды өнімділігіне қол жеткізу үшін тыңайтқышың оңтайлы жүйесін әзірлеу. Мақсары вегетациялық кезеңде 335,7 мм атмосфералық жауын-шашын түсті, бұл климаттық нормадан 9,9 мм жоғары болды. Көктем айларында (сәуір-мамыр) атмосфералық ауа температурасы 11,2 0С-тан 18,4 0С-қа дейін көтерілді, бұл орташа көпжылдық мәндерден 1,3-1,9 0С-қа шамалы асып түсті, ал жаз айларында (маусым-шілде) оның 22,6 0С-тан 28,3 0С-қа дейін өсуі байқалды және орташа көпжылдық мәндерден 1,3-3,3 0С-қа төмен болды. Бұл метеорологиялық көрсеткіштер 2024 жылы мақсары өсіру үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын көрсетеді. Осы мақсары жапырақтарының 5-6 жұптары фазасында және дақылдарды микробиологиялық Экстрасолмен өңдеуде аммиак селитрасын 60 кг/га нормада қоректендіруге енгізу 29-37 мг/кг аралықта негізгі өңдеу әдістері бойынша бүршіктену фазасында топырақта нитрат азотының ең көп мөлшерін қамтамасыз етті. Күзде аммофосты 30 кг/га әсерлі зат мөлшерінде қолдану, содан кейін Экстрасолды қолдану мақсары себу кезінде жылжымалы фосфордың құрамын топырақтағы орташа және жоғары қамтамасыз ету деңгейіне - 30-44 мг/кг дейін арттыруға ықпал етті. Бүршіктену кезеңінен бастап және мақсары вегетациясының соңына дейін өңделмеген топырақта ылғалдың жақсы сақталуын 208,9-223,3 мм-ге қамтамасыз етті. Ашық қара-қоңыр топырақта мақсарының Ника 80 сортының тұқымының ең көп жиналуы топырақты сыдыра өңдеу тәсілінің Экстрасол қолданған аясында гектарынан 2,27 тонна алынады.

ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ АШЫҚ ҚАРА – ҚОҢЫР ТОПЫРАҒЫНДАҒЫ АУЫР МЕТАЛДАР (Fe, Мп, Cu, Zn, Co) ҚАЛДЫҒЫНЫҢ МӨЛШЕРІ

Соңғы бірнеше онжылдықта қарқынды индустрияландыру және қарқынды ауылшаруашылық қызметі қоршаған ортада әртүрлі ластаушы заттардың, әсіресе ауыр металдардың жиналуына әкелді. Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануының жағымсыз әсерлері биосфераға нақты қауіп төндіреді.

Ауыр металдар жалпы ластаушы заттарға жатады, олардың құрамын бақылау топырақ пен қарашіріндіде міндетті болып табылады. Ауыр металдармен ластануы топырақтың деградациясының себептерінің бірі болып табылады. Жыл сайынғы сауалнамалар ластану туралы ақпараттың негізгі көзі болып табылады.

Мақалада Алматы облысының ҚазЕжӨҒЗИ полигонының аумағында жиналған топырақ үлгілеріндегі ауыр металдардың (Fe, Pb, Cu, Zn, Co) қалдық мөлшерінің зерттеу нәтижелері келтірілген. Барлық зерттелетін пункттерде топырақ үлгілеріндегі ауыр металдардың қалдық мөлшері рұқсат етілген деңгейде болды. Алайда, аймақтың физикалық – географиялық ерекшеліктеріне,  полигон учаскесінің автотрассаға жақын  орналасуына  және т.б. орай мырыш,  қорғасын, кобальт сияқты металдар ШРК мәнінен 2,1-6,2 есе  асып кеткендігі байқалды.

Топырақтың ауыр металдармен ластануы өсімдіктерде металдардың жиналуын және өсімдіктер қауымдастығының деградациясын тудырады, бұл токсиканттардың азық-түлік тізбегі арқылы адамға өтуіне әкеледі. Осыған байланысты бұл жұмыстың мақсаты Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның ашық-қара қоңыр топырағындағы ауыр металдардың (Fe, Pb, Cu, Zn, Co) мөлшерін зерттеу тақырыбымыздың өзекті мәселесі болып табылады.

ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАЙЫЛЫМ ӨСІМДІКТЕРІНЕ ЗИЯН КЕЛТІРЕТІН ҚАТТЫҚАНАТТЫЛАР (COLEOPTERA) САНЫНЫҢ ӨЗГЕРІСІ МЕН ҚОРЕКТІК БАЙЛАНЫСЫ

Мақалада Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның жайылымдық өсімдіктеріне зиян келтіретін қатты заттардың (Coleoptera) маусымдық сандық өзгерістері мен тағамдық байланысын зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу нысаны ретінде бұталы жайылымдық өсімдіктер- изен (Bassia prostrata (L.) Beck = Kochia prostrata (L.) Schrad.), терескен (Eurotia ceratoides (L.) S. A. Mey) және сексеуіл (Haloxylon ammodendron) зерттелді.

Далалық бақылау және есепке алу кезінде Coleoptera, Meloidae (12 түр) және Curculionidae (3 түр) екі тұқымдасына жататын 15 түр анықталды, бұл ледибугтар азықтандыру коэффициентімен ерекшеленеді. Meloidae тұқымдасының мүшелері негізінен өсімдіктердің генеративті өкілдеріне зиян келтіретін полифагтар екені анықталды. Олар өсімдіктердің тозаңдану процестеріне және тұқым арқылы өсімдіктер қауымдастығын қалпына келтіруге теріс әсер етті. Ал curculionidae тұқымдасының түрлері жұқа тағамдық байланысқа ие болды. Олар экологиялық маңызы зор Сексеуіл, изен және терескен сияқты өсімдіктердің тұқымдарын, өскіндерін және өскіндерін зақымдады. Зерттеу нәтижелері бойынша Meloidae тұқымдасына жататын бөшкелердің саны өсімдіктердің жаппай гүлдену кезеңінде (мамыр–маусым) шыңына жетті, ал curculionidae тұқымдасының өкілдері үшін шыңы маусым–шілде айларында болды. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңінің соңына қарай, яғни тамызда қоректік заттардың сарқылуына және олардың өмірлік жүйелерінің аяқталуына байланысты екі тұқымға жататын ақсақалдардың саны күрт азайды. Алынған мәліметтер жайылымдық өсімдіктердің жай-күйін бақылау, зиянды тамыр сабақтарының санын реттеудің биологиялық және экологиялық тиімді шараларын әзірлеу, сондай-ақ жайылымдық өсімдіктердің генеративті және вегетативті мүшелерінің Жаппай зақымдану қаупін бағалау үшін практикалық маңызға ие.

ИЗЕННІҢ (BASSIA PROSTRATA) ЗИЯНКЕС БӨЖЕКТЕРІНЕ ҚАРСЫ ФУМИГАНТТАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

Мақалада Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның шөлді аймағындағы изеннің (Bassia prostrata) зиянкес-бөжектерінің дәрнәсілдеріне қарсы «Квикфос» және «Гермес» фумиганттарының биологиялық тиімділігін зерттеу нәтижелері берілген. Зерттеу жұмыстары Бақанас ауданының тәжірибелік алаңдарында орындалды және ондағы өсімдіктердің биоалуантүрлілігі мен зиянкес-бөжектердің табиғи саны ескерілді. Тиімділікті бағалау үшін бақылау тобы және келесідей төрт тәжірибелік нұсқа пайдаланылды: «Квикфос» – 1,0 және 2,0 г/м³ концентрацияда, «Гермес» – 5 және 10 мл/кг концентрацияда. Дәрнәсілдердің саны өңдеуге дейін және өңдеуден кейін 1, 3, 7 және 14‑ші күндері есептелді.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, «Квикфос» 2,0 г/м³ концентрацияда ең жоғары биологиялық тиімділікті көрсетті, осы топта өңдеуден кейінгі алғашқы күні дәрнәсілдердің саны 60,6 %-ға төмендеді, үшінші күні—85 %-ға дейін, ал 7‑14 күн аралығында тиімділік 90 % деңгейіне дейін жетті. «Квикфос» 1,0 г/м³ концентрацияда пайдаланылған топта да фумигант жоғары тиімділікпен ерекшеленіп, көрсеткіш 40,6 %-дан 70,3 %-ға дейін артты. Ал, «Гермес» фумиганты салыстырмалы түрде әлсіз белсенділік көрсетті, оның тиімділігі 10 мл/кг концентрацияда– 65 %, ал 5 мл/кг қолданған кезде 50 %-ға жетті. Осылайша, «Квикфос» 2,0 г/м³ концентрациясы изен тұқымдарын тез әрі толық өңдеуге ұсынылады, ал «Гермес» экологиялық қауіпсіздігі жоғары, жайылым өсімдіктерінің биоалуантүрлілігін сақтау үшін кешенді қорғау жүйесінде қолдануға лайықты.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КҮРІШ АУЫСПАЛЫ ЕГІС ЖАҒДАЙЫНДА ТҮЙЕЖОҢЫШҚАНЫҢ (MELILOTUS OFFICINALIS (L.)) ӨНІМДІЛІГІ МЕН САПАСЫНА ТОПЫРАҚ ӨҢДЕУ ӘДІСТЕРІНІҢ ӘСЕРІ

Мақалада Қызылорда облысының тұзданған топырақтарында түйежоңышқаны (Melilotus officinalis (L.)) өсіру технологиясының ерекшеліктері және негізгі топырақ өңдеу тәсілдерінің өсімдіктің өсуі мен өнімділігіне әсері қарастырылды. Зерттеу нәтижелері бойынша жырту, чизельдеу және тырмалау сияқты түрлі топырақ өңдеу әдістері ылғал қорын жинау мен сақтауға, сондай-ақ өсімдіктердің өсу қарқындылығына елеулі әсер ететіні анықталды. Күрішті ауыспалы егіс жағдайында топырақтағы тұз қалдығының мөлшері 0,88%-ды құрады, ал тұрақты күріш егісінде бұл көрсеткіш 1,65%-ға жетті. Өсімдік көктеу мен түптену фазаларында ең қолайлы ылғал режимі тырмалау элементі бар отамалы өңдеу кезінде байқалды, бұл әдіс өсімдіктердің сақталуын 1,4-1,78 есе арттырып, жасыл масса өнімділігін екі жыл ішінде 6,3-тен 15,9 т/га-ға дейін көбейтті. Сонымен қатар, жырту мен отамалы өңдеу топырақ ылғалдылығына әртүрлі әсер ететіні, оның 18,5-23,4% аралығында өзгеретіні анықталды. Ең жоғары сақталған түйежоңышқа өсімдіктері саны (267 дана/м²) дәл осы отамалы өңдеу жүйесінде тіркелді. Жалпы зерттеу нәтижелері тұзданған топырақтарда көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерді тиімді өсіру үшін агротехникалық шаралардың, әсіресе топырақ өңдеу әдістерінің маңызды екенін дәлелдейді.

МИНЕРАЛДЫ ЖӘНЕ ОРГАНИКАЛЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ КҮРІШ АЙНАЛЫМЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТҮЙЕЖОҢЫШҚАНЫҢ ӨНІМДІЛІГІ МЕН САПАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ

Түйежоңышқа құрғақшылыққа төзімділігі мен топырақта биологиялық азотты сақтау қабілетінің арқасында жемшөп өндірісі үшін құнды көпжылдық бұршақ тұқымдас өсімдік. Топырақ тұздылығымен сипатталатын Қызылорда облысының күріш айналымы жағдайында түйежоңышқа агроэкожүйенің өнімділігі мен тұрақтылығын арттыруда шешуші рөл атқара алады.

Бұл зерттеудің мақсаты аймақтың тұзды шалғынды-батпақты топырақтарында түйежоңышқаның өсуіне, дамуына, өнімділігіне және жемшөп құндылығына органикалық және минералды тыңайтқыштардың әртүрлі дозалары мен комбинацияларының әсерін зерттеу болып табылады. Зерттеу әдістеріне фосфор тыңайтқыштарын Р60 және Р120 дозаларында қолдану бойынша далалық тәжірибелер, сондай-ақ олардың органикалық тыңайтқыштармен (15 т/га көң) комбинациясы кіреді. Қоректік заттардың құрамын бағалау үшін топырақ пен өсімдіктерге агрохимиялық талдаулар жүргізілді. Түйежоңышқаның өнімділігі жасыл массаның, жемшөптің және тұқымның өнімділігі, сондай-ақ сіңірілетін ақуыздың мөлшері бойынша бағаланды.

Нәтижелер фосфор тыңайтқыштарын Р60 және Р120 дозаларында бөлек және көңмен бірге қолдану түйежоңышқа өнімділігін айтарлықтай арттыратынын көрсетті. Ең үлкен әсерге көңмен бірге Р60 қолдану арқылы қол жеткізілді, бұл жасыл массаның максималды өнімділігін 376,6 ц/га дейін және шөптің 87,7 ц/га дейін, сондай-ақ сіңірілетін ақуыздың құрамын 608,4 кг/га дейін қамтамасыз ететіні қарастырылған.

Зерттеу нәтижелерін қолдану аясында құрғақ аймақтардың тұзды топырақтарында түйежоңышқа өнімділігін арттыру үшін тиімді агротехникалық шараларды әзірлеуді қамтиды, бұл мал шаруашылығы үшін жем-шөп базасын және агроэкожүйелердің тұрақтылығын жақсартуға ықпал етеді.

ОРГАНИКАЛЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР МЕН РЕГЕНЕРАТИВТІ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ТҰРАҚТЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Алғышарттар мен мақсат. Бұл мақалада қазіргі заманғы ауыл шаруашылығын экологиялық тұрғыдан тиімді және ұзақ мерзімді тұрақты дамыту мәселелері қарастырылады. Әлемдік климаттың өзгеруі, топырақтың тозуы мен эрозиясы, химиялық заттардың шамадан тыс қолданылуы сияқты ғаламдық сын-қатерлер аясында ауыл шаруашылығының жаңа бағыттары – органикалық тыңайтқыштарды пайдалану және регенеративті агротехнологияларды енгізу өзекті мәселеге айналуда.

Материалдар мен әдістер. Органикалық тыңайтқыштар (биогумус, компост, жасыл тыңайтқыштар және т.б.) топырақтың табиғи құнарлылығын сақтап, ауылшаруашылық дақылдарының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл тыңайтқыштар экожүйеге зиян келтірмей, жердің микробиологиялық белсенділігін арттыру арқылы ұзақмерзімді өнімділікке қол жеткізуге ықпал етеді [1].

Нәтижелер. Регенеративті ауыл шаруашылығы – бұл тек өнім алуға емес, сонымен қатар топырақ құрылымын қалпына келтіруге, биоалуантүрлілікті сақтауға және экологиялық тепе-теңдікті ұстауға бағытталған кешенді тәсіл. Бұл жүйеде нөлдік немесе аз көлемді жер өңдеу, дақылдарды ауыспалы егу, покровные культуры (жамылғы дақылдар), органикалық мал шаруашылығын егіншілікпен біріктіру сияқты әдістер қолданылады. Мұндай тәсілдер топырақты эрозиядан қорғайды, ылғалдылықты сақтайды, зиянкестерге қарсы биологиялық тепе-теңдік қалыптастырады.

Қорытынды. Қазақстан жағдайында органикалық және регенеративті әдістерді қолдану жер ресурстарын сақтауға, ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын арттыруға және экологиялық қауіпсіз өнім өндіруге мүмкіндік береді. Аталған бағыттар – агрономия мамандығы бойынша болашақ мамандар үшін аса өзекті, себебі олар тек өндірістік тиімділікті ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортамен үйлесімділікті де қамтамасыз етеді. Мақалада осы әдістердің артықшылықтары, іске асыру жолдары және олардың ауыл шаруашылығындағы орны терең талданады. Бұл зерттеу – экологиялық баламаларға негізделген тұрақты ауыл шаруашылығын қалыптастыруға арналған ғылыми-тәжірибелік негіз болып табылады.

ГИДРОГЕЛЬДІҢ КӨМЕГІМЕН ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРҒАҚ АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚТЫҢ ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Оңтүстік Қазақстанның құрғақ аймақтарында топырақтың ылғалдылығын арттыру мақсатында гидрогельдердің қасиеттерін әзірлеу және зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында полиакриламид және крахмал, акриламид және каолин негізіндегі гидрогельдер (КАКНГ) қолданылып, олардың топырақтың су сіңіру қабілетіне, өсімдіктердің өсуіне және өнімділігіне әсері бағаланды. Нәтижелер гидрогельдердің, әсіресе полиакриламид негізіндегі гидрогельдердің, топырақтың ылғалдылығын айтарлықтай жақсарта алатынын көрсетті. Сонымен қатар, гидрогельдердің топырақтың физика-химиялық қасиеттеріне оң әсері анықталды. Зерттеу барысында топырақтың су сіңіру қасиеттері, өсімдіктердің өсуі мен өнімділігі бақыланды, сонымен қатар топырақтың химиялық талдаулары жүргізілді. Гидрогельдерді қолдану топырақтың су сіңіру қасиеттерін айтарлықтай жақсартып, тәжірибе алқаптарда өсімдіктердің өсуін нығайтты. Полиакриламид негізіндегі гидрогель қолданылған алқаптарда күріш өнімі 18%-ға артты. Бидай мен мақсары өнімі сәйкесінше 12% және 15%-ға өсті. Крахмал, акриламид және каолин негізіндегі гидрогель төмен нәтижелер көрсетті, бірақ ол да бақылау алқаптарына н 8–10%-ға жоғары болды. Нәтижелер гидрогельдердің су тапшылығы жағдайында жоғары тиімділігін және құрғақ аймақтарда ауыл шаруашылық өндірісі үшін практикалық құндылығын растайды және . жабындау және тамшылы суару сияқты дәстүрлі ылғалды сақтау әдістерінің тиімділігін арттыру әлеуетін көрсетеді және климаттың өзгеруі контекстінде тұрақты ауыл шаруашылығы үшін құнды болады.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА ҚАТТЫ БИДАЙ ДӘНДЕРІНІҢ (Triticum durum Desf.) БИОХИЯМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТҮС СИПАТТАМАЛАРЫ

Қатты бидай (Triticum turgidum subsp. durum) – макарон өнімдері, паста, булгур және т.б. өндіруге арналған негізгі дақыл. Дән сапасын сипаттайтын негізгі белгілерге биохимиялық көрсеткіштер (ақуыз, клейковина мөлшері, глютен-индекс, шынылылық және т.б.), сондай-ақ дайын өнімнің түсін қалыптастыратын пигменттік құрамы жатады. Зерттеудің мақсаты – әртүрлі эколого-географиялық шығу тегі бар жаздық қатты бидай сорттарын бағалау және сапалық көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған селекцияда пайдалануға ең құнды генотиптерді іріктеу болды. Дәннің биохимиялық параметрлері жалпы қабылданған стандартты әдістемелер бойынша анықталды, ал каротиноидты пигменттердің мөлшері спектрофотометриялық әдіспен (оптикалық тығыздық негізінде) және колориметриялық әдіспен Minolta CR-300 анализаторы арқылы өлшенді. Сорттар арасында биохимиялық көрсеткіштері мен пигмент мөлшері бойынша айырмашылықтар анықталды. Дәннің натуралық массасы 711-ден 824 г/л аралығында ауытқып, орташа мәні 791 г/л құрады. Дәннің натуралық массасы мен клейковина мөлшері арасында күшті корреляциялық байланыс (r = 0,81) орнатылды. Ақуыз мөлшері 12,33% (Grekalle) пен 16,74% (Svevo) аралығында болып, орташа есеппен 13,96% болды. Каротиноидты пигменттердің мөлшері 0,218 мг/% (Славута) пен 0,435 мг/% (Obelix) аралығында, орташа 0,312 мг/% деңгейінде анықталды. Жүргізілген биохимиялық зерттеулер негізінде қатты бидай коллекциясынан жоғары сапалық көрсеткіштері мен жетілдірілген тағамдық қасиеттерін үйлестіретін жаңа будандар мен сорттарды жасауға донор бола алатын үлгілер іріктелді.

ҚЫЛТЫҚСЫЗ АРПАБАСТЫҢ СОРТТАРЫН ЗЕРТТЕУ (Bromus inermis) СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА

Бұл мақалада 2022-2024 жылдардағы Солтүстік Қазақстанның дала аймағындағы қылтықсыз арпабастың конкурстық сұрыптық сынау питомнигін зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеулер Ақмола облысында "А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО" ЖШС-де жүргізілді. Зерттеу нысаны қылтықсыз арпабастың 19 сорты, бұл сорттар негізгі экономикалық және құнды белгілері бойынша зерттелді (жасыл массаның өнімділігі, құрғақ заттардың өнімділігі, тұқым өнімділігі); биологиялық қасиеттері (қысқа төзімділігі, құрғақшылыққа төзімділігі, вегетациялық кезеңдердің ұзақтығы) және жемнің химиялық құрамы бойынша.       

Шаруашылық-құнды белгілер кешені бойынша зерделеу нәтижесінде қылтықсыз арпабастың конкурстық сұрыптық сынау питомнигінде толық зерттеу циклі үшін (2022-2024 жылдары) 3 перспективалы сұрыптық үлгі бөлінді; К-964, К-621, К-965. Бұл сорт үлгілері жасыл массаның өнімділігі бойынша стандартты Акмолинский изумрудный сортынан (93,3 ц/га, 32,0 ц/га, 2,0 ц/га) 2,7-10,4% ц/га, құрғақ заттың өнімділігі бойынша 5,6-18,2%, тұқым өнімділігі бойынша 5-10% және жемнің тағамдық құндылығы бойынша (артық шикі ақуыздың мөлшері бойынша 4,6-14,0%) стандарт көрсеткіші бойынша Акмолинский изумрудный (12,09) , бұл сорт үлгілері бұдан әрі қылтықсыз арпабастың жаңа сорттарын жасау кезінде селекцияда пайдаланылатын болады.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КЕҢМАСАҚТЫ ЕРКЕКШӨПТІҢ ЖАҢА СОРТЫ (AGROPYRON PECTINIFORME ROEM. ET SCULT) ИСКАНДЕР

Солтүстік Қазақстанның далалық және құрғақ дала аймақтарының жағдайлары үшін кең масақты еркекшөп селекциясы зерттеулердің басым бағыты жем-шөп сапасының көрсеткіштері жақсартылған, қысқа және құрғақшылыққа төзімділігі жоғары, сонымен қатар аурулар мен зиянкестерге төзімділігі жоғары өнімді бәсекеге қабілетті сорттарды әзірлеу болып табылады.

Мақалада Қазақстанның далалық және құрғақ далалы аймақтары үшін шығарылған кең масақты еркекшөп Искандер жаңа сортының морфологиялық, шаруашылық-құнды және биологиялық ерекшеліктеріне сипаттама берілген.

Еркекшөптің жаңа Искандер сорты мал азығы мен тұқым өнімділігі бойынша аудандастырылған сорттардан 10 пайызға асып түседі. Сорттың айрықша ерекшелігі - оның абиотикалық және биотикалық сияқты қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына жоғары төзімділігі.

Шабындыққа қолдану үшін кең масақты еркекшөп Искандер сорты шығарылды. Бұл орташа пісетін сорт. Сорттың вегетациялық кезеңі шөп үшін орылғанда 65 күн, тұқым үшін орылғанда 100 күн.

Конкурстық сорт сынау көшетіндегі Искандер сортының жасыл масса өнімділігі бес жыл ішінде (2018-2022 жж.) орта есеппен 108 ц/га, құрғақ зат өнімділігі (пішен) - 40,9 ц/га, тұқым өнімділігі - 3,40 ц/га болып, стандартты Бурабай сортынан асып түсті (8/2 ц/га;8/2;га; 2,46 ц/га) жасыл массада өнімділік 22,1 ц/га, 25,7%, құрғақ зат - 8,7 ц/га, 27,0%, тұқымда - 0,94 ц/га, 38,2%. Құрғақ заттың құрамында 11,85% шикі ақуыз, 27,77% шикі талшық, 6,17% шикі күл, 1,86% шикі май, 50,95% азотсыз экстракциялық заттар, 7,41% қорытылатын ақуыз, 9,28 МДж алмасу энергиясы, 0,59 кг/кг жем бірлігі бар. Жаңа сорттың қысқы төзімділігі және құрғақшылыққа төзімділігі жоғары.

ОРГАНИКАЛЫҚ МАЛ АЗЫҒЫНА АРНАЛҒАН БІР ЖЫЛДЫҚ ШӨП ҚОСПАЛАРЫН ӨСІРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Қазақстанның құрғақ далалы өңірлерінде мал шаруашылығы үшін экологиялық таза азық өндіру өзекті міндет болып табылады. Аймақтағы климаттық өзгерістер мен жиілеген құрғақшылық дәстүрлі мал азықтық дақылдардың өнімін тұрақсыздандырып, азық тапшылығын күшейтуде. Бұл жағдайға байланысты біржылдық азықтық өсімдіктерді түрлі құрамда аралас егу арқылы органикалық мал азығының тұрақты өндірісін қамтамасыз ету жолдарын қарастыру қажет. Осы зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – құрғақ аймақ жағдайында аралас шөп қоспаларын тиімді пайдалану мүмкіндіктерін айқындау.

Зерттеу барысында судан шөбі, асбұршақ, арпа, сұлы, жүгері және сиыржоңышқа сияқты біржылдық дақылдардан құрастырылған әртүрлі шөп қоспаларының өнімділігі мен сапалық көрсеткіштері анықталды. Аралас және жолақтап себу тәсілдері салыстырылып, көк балауса, құрғақ заттың мөлшері, азықтық өлшем және сіңімді ақуыз көрсеткіштері бағаланды. Дақылдардың үйлесімділігін анықтау үшін агротехникалық тәсілдер талданып, өнімділік пен азықтық құндылықты арттыру жолдары зерттелді. Үш құрамды шөп қоспалары (мысалы, судан шөбі + сұлы + асбұршақ) жеке егілген дақылдармен салыстырғанда өнімділік пен қоректік құндылық бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Әдеби деректер мен тәжірибелік мәліметтерді талдау нәтижелері заманауи агротехнологиялардың мал азығын өндірудегі маңызын дәлелдейді. Дақылдарды ғылыми негізде үйлестіріп егу құрғақ климатқа бейімделген, өнімділігі жоғары және қоректілік деңгейі жоғары азық өндіруге мүмкіндік беретіні анықталды. Ұсынылған тәсілдер мал шаруашылығының жемшөп базасын нығайтып, азықтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері агроөнеркәсіп кешені үшін стратегиялық шешімдер қабылдауда маңызды ақпараттық негіз бола алады.

Қазақстанның құрғақ далалы аймақтарында кеңінен пайдаланылатын біржылдық азықтық дақылдардың түрлік құрамы әлі де шектеулі (көбіне судан шөбі, тары және жүгері). Сондықтан агроэкожүйелердің тұрақтылығын сақтай отырып, жоғары өнімді әрі қоректік қасиеті мол біржылдық дақылдар мен олардың қоспаларын енгізу қажеттігі туындап отыр. Аралас шөп қоспаларын өсіру органикалық мал азығының сапасын жақсартуға, мал шаруашылығын тиімді дамытуға және экожүйелік тұрақтылықты күшейтуге мүмкіндік беретін перспективалы бағыт болып табылады.

СУ, ЖЕР ЖӘНЕ ОРМАН РЕСУРСТАРЫ

ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ КЕЗІНДЕГІ ТОПЫРАҚТЫҢ ЫЛҒАЛДАНУ КӨЛЕМІН ЖӘНЕ ЕСЕПТІ СУҒАРУ МӨЛШЕРІН ЗЕРТТЕУ

Қазіргі уақытта суғармалы жерлерде өсірілетін ауылшаруашылық дақылдарына қажетті суғармалы судың тапшылығы өзекті мәселеге айналуда. Осы орайда су үнемділігі жоғары және ауылшаруашылық дақылдарынан тұрақты, әрі сапалы мол өнім алуды қамтамасыз ететін техникалар мен технологияларды әрі қарай дамыту, оларды өндіріске енгізу маңызды роль атқаруда.

Ғылыми мақалада ауылшаруашылық дақылдарын өсіруде қолданылатын су үнемділігі және жоғары қаражатты талап етпейтін тамшылатып суғару жүйесін қолдану арқылы өсірілген көкөніс дақылдарын тамшылатып суғару кезінде топырақтың беткі қабатында және топырақтың төменгі қабатында қалыптасатын ылғалдану көлемдерін зерттеуге жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстардың нәтижелері келтірілген.

Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесінде тамшылатып суғару тәсілінде топырақта қалыптасатын ылғалдану көлемдері топырақтың 10, 20, 30 см тереңдіктері бойынша анықталды. Мысалы, топырақтың 10 см тереңдігін 30 минут бойы ылғалдандыру нәтижесінде топырақтың беткі қабатында 1 өсімдік түбінде орта есеппен алғанда 0,00366м2 қалыптасса, ал бір өсімдік түбінің ылғалдану көлемі 0,00003 м3 болатындығы анықталып отыр.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӨЗЕНДЕРІНІҢ СУ АҒЫНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бұл жұмыста Алматы облысының өзендерінің гидрологиялық режимін көпжылдық орташа су өтімі, ауа температурасы және атмосфералық жауын-шашын мөлшері туралы деректер негізінде талдау нәтижелері ұсынылған. Климаттық факторлар температуралық режим, жауын-шашын мөлшері ағынның қалыптасу ерекшеліктерін және өзендердің су режимінің маусымдылығын айқындайтыны көрсетілген. Мәліметтер су ресурстарын бағалауда және су шаруашылығы қызметін жоспарлауда табиғи-климаттық ерекшеліктерді кешенді ескерудің қажеттілігін дәлелдейді.

Сонымен қатар, есептеулер нәтижесінде орташа су ағыны үлкен өзендерде 1,5-10 м³/с, ал кіші өзендерде 0,1-2 м³/с құрайды. Құбылмалылық коэффициенті (Cv) көрсеткіштері 0,13-0,27 аралығында, яғни кей өзендер тұрақты ағынға ие (Талғар өзені Cv=0,13), ал кейбір өзендер (Кіші Алматы Cv = 0,27) су ағынының айтарлықтай ауытқуына ие. Бұл өзендер үшін судың жылдық режимі маусымдық факторларға тәуелді, әсіресе қарлы кезеңдер мен жазғы құрғақшылық кезінде. 5% қамтамасыз етілу жылдағы ең жоғары су өтімі, негізінен көктемгі қар еру кезінде байқалады; 50% қамтамасыз етілу орташа ұзақ мерзімді ағын, су ресурстарының орташа көлемін сипаттайды; 95% қамтамасыз етілу құрғақ мезгілдегі минималды су ағыны, су тапшылығы кезеңін көрсетеді. Әртүрлі қамтамасыздық кезеңдерінде мәндерден таулы өзендерде су тапшылығының аз екендігін байқаймыз. Зерттеу нәтижелері климаттың өзгеруі жағдайында су ресурстарын орнықты басқарудың өңірлік стратегияларын әзірлеу үшін маңызды әрі Алматы облысындағы су пайдаланудың тәжірибесін жетілдірудің ғылыми негізі ретінде қолданылуы мүмкін.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРМАН ОРНАЛАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ

Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 30,0 млн. га құрайды және республика аумағының 11,4% -ын алып жатыр. Орманмен қамтылған жерлердің ауданы 13,6 млн. га құрайды, республиканың орманды жерлері - 5%. Аумақтың 89% - 246,5 млн. га ормансыз жер болып табылады және даланы, шөлді және жартылай шөлді құрайды. Мемлекеттік орман қорының 78% жергілікті атқарушы органдарға бекітілген [1].

Қазақстанда ормандарды басқарудың негізгі құралы әрбір 10-15 жыл сайын бюджеттік қаржыландыру шеңберінде жүргізілуі тиіс кешенді орман орналастыру жұмыстарын жүргізу болып табылады [2].

Орман орналастырудың деректері орындаушы ұйымда, «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық ұлттық кәсіпорнында сақталады және ресми сұрау салу бойынша Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті арқылы ұсынылады [2].

CЕКСЕУІЛ ЕКПЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МЕХАНИКАЛАНДЫРЫЛУЫН ТАЛДАУ

2025 жылғы 1 қаңтарға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қорының жалпы алаңы 31 375,5 мың гектарды құрайды, бұл республиканың жалпы аумағының 11,5 %-ын құрайды. Осы алаңның 13 898,7 мың гектары орманмен жабылған жерлерді алып жатыр, яғни орман қорының жалпы алаңының 44,3 %-ы. Орман қорының үлкен болуына қарамастан, Қазақстанның жалпы ормандығы салыстырмалы түрде төмен - бар болғаны 5,1% республиканың жалпы аумағынан.

Орманды жерлердің республиканың облыстары бойынша таралуы табиғи-климаттық ерекшеліктерге байланысты айтарлықтай айырмашылықтар көрсетеді. Ең жоғары көрсеткіштер Қызылорда (17,2 %), Шығыс Қазақстан (17,1 %), Жамбыл (16,0 %) және Алматы (15,1 %) облыстарында тіркелген. Бұл аймақтар таулы-орманды және тау етектес ландшафттармен сипатталады, мұнда климат пен рельеф ағаш өсімдіктерінің өсуіне қолайлы жағдай жасайды. Ал елдің батысы мен орталығында орманды жерлердің үлесі айтарлықтай төмен: мысалы, Ақтөбе мен Атырау облыстарында бұл көрсеткіш бар-жоғы 0,2 %, ал Ұлытау облысында - 0,1 %.

Қазақстан ормандарының құрылымында негізінен саксаульді ормандар (51,9 %) және бұталы өсімдіктер (21,9 %) басым, олар негізінен шөлді және дала аймақтарында өседі. Бұл экожүйелер шөлейттену процесін тоқтатуда, құмдарды бекітуде және биоалуантүрлілікті сақтауда маңызды рөл атқарады. Осылайша, жалпы ормандығы салыстырмалы түрде төмен болғанына қарамастан, Қазақстан орман қоры экологиялық және шаруашылық тұрғыдан үлкен маңызға ие, табиғи жүйелердің тұрақтылығын және климаттық тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.

ГИС ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН КЕҢІСТІКТІК-ТАЛДАМАЛЫҚ БАҒАЛАУ

Бұл мақалада қазіргі Алматы қаласында жасыл желектердің орналасуы мен таралуына кеңістіктердің талдауы арқылы жетістікке жетілген. Мұндай талдау жасыл желектердің қала аумағындағы орналасуы мен тығыздығын анықтауға, сонымен қатар жасыл желектердің сандық және сапалық көрсеткіштерін, мысалы, ағаштардың денсаулығы, көгалдандыру аумақтарының көлемі, отырғызу тығыздығы және қала тұрғындарына жасыл аймақтардың қолжетімділігі сияқты факторларды зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл зерттеу, статистикалық деректер, картографиялық мәліметтер, геоақпараттық бағау және сырттан Жерді зерттеу әдістері сияқты бірнеше әдістерді біріктіретін толықтырылған тәсілді пайдалану арқылы жүргізіледі.

Анықталған зерттеу нәтижесі бойынша, қалада жасыл желектердің таралуы әкімшілік аудандар бойынша біркелкі емес. Бұл фактор қала экологиялық тұрғыдан тепе-теңдігін бұзады және қала ортасының сапасын төмендетеді. Сонымен, қолданыстағы қала құрылысы мен санитарлық нормалармен сәйкес келмейтін көгалдандыру деңгейі де байқалды. Есептеу дәлдігін арттыру мақсатымен, кеңістіктік деректерді көрсетуге мүмкіндік беретін геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) пайдаланылады, сонымен қатар Landsat орбиталық фотосуреттері мен топырақтың су мөлшерін анықтау үшін NDWI (Нормаланған су индексі) формуласы қолданылады.

Мақалада Алматы қаласының жасыл инфрақұрылымын дамыту бойынша бағыттарына толуыш карталар мен статистикалық кестелер қарастырылды. Қабылданған деректер қаланың тұрақты даму жоспарларын құру, экологиялық нормативтерді белгілеу және қала аумақтарына кадастрлық бағалауды толықтыруда пайдалануға болады.

ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖЕРСЕРІКТІК СУРЕТТЕРДІ ЖӘНЕ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ДЕРЕКТЕРІН ӨҢДЕУ АРҚЫЛЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КАРТАЛАРЫН ЖАҢАРТУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ

Аграрлық секторды цифрландыру жағдайында географиялық Ақпараттық Жүйелерді (ГАЖ) ауылшаруашылық жерлерін бақылау және басқару процестеріне енгізудің маңызы ерекше. Бұл зерттеудің мақсаты-жерді пайдалану контурын жаңартуға, ауылшаруашылық жерлерінің жағдайын талдауға және шешім қабылдау процестерін қолдауға байланысты міндеттерді шешуге арналған ГАЖ құралдарының тиімділігін бағалау. ArcGIS-те енгізілген бірнеше функционалды модульдер мен аналитикалық құралдарға салыстырмалы талдау жүргізілді. Зерттеу барысында қашықтықтан зондтау деректері, ауылшаруашылық жерлерінің векторлық қабаттары және кадастрлық ақпарат пайдаланылды. Нәтижелер ГАЖ технологияларын қолдану картографиялық материалдардың дәлдігін, деректерді жаңарту тиімділігін, кеңістіктік талдаудың сапасын едәуір жақсартатынын көрсетті, бұл өз кезегінде жер ресурстарын тиімді басқаруға ықпал етеді. Құжатта жерге орналастыру және кадастрлық мониторинг тәжірибесіне ең өнімді құралдарды енгізу бойынша ұсыныстар берілген.

САЙРАМ-ӨГЕМ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНДЕ СУЫРЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

Бұл мақалада Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде мекендейтін суырлардың қазіргі популяциялық жағдайы, оларды есепке алу мен кадастрлық жұмыстардың барысы және алынған нәтижелер баяндалады.

Зерттеу барысында Тянь-Шань тау жүйесінің батыс бөлігіне жататын Өгем мен Қаржантау жоталарындағы Мензбир суырының таралу ареалымен саны анықталды. Бұл эндемик түр еліміздің оңтүстігінде тек шектеулі аймақта кездеседі және ерекше қорғауды қажет етеді. Суырлар парк аумағында Сарыайғыр, Қасқасу, Бадам, Ұлыжұрт, Кішіжұрт, Шағыртас және Тікенекті өзендерінің жоғарғы бастауында, теңіз деңгейінен 2100–3500 метр биіктікте мекендейді.

Суырларды есепке алудың барлық әдістерін 3 топқа біріктіруге болады: жер бетінде есепке алу, авиасанақтар және аэрофотосуреттер бойынша есепке алу. Суырларды жер бетінде есепке алу. Маршруттық-көзбен көру арқылы есепке алу әдісі тау суырларын есепке алу үшін қолданады. Бұл әдіс кезінде есепшілер берілген маршрут бойымен жүріп (жаяу, атпен), қозғалыс бағытының екі жағынан 100-200 метр ара қашықтықта көзге түскен барлық суырларды есепке алады. Бір суыр есепке алу бірлігі болып саналады. Маршрут ұзындығы карта бойынша немесе қадам санауыш құралы арқылы анықталады. Суырлардың орташа тығыздығын есептеу және экстраполяциялау кезінде, аңдардың тәуліктік белсенділіктеріне назар аударған жөн.

Суырлар популяциясының таралу аумағын, сандық көрсеткіштерін және тіршілік ортасының жағдайын бағалау арқылы Сайрам-Өгем ұлттық паркінің зоологиялық кадастрын толықтыру. Сол себепті төмендегідей жұмыстар жүргізілуде: суырлардың таралу аймағын анықтап, негізгі мекендеу биотоптарын сипаттау, популяцияның санын, тығыздығын және жас-жыныстық құрылымын есепке алу, індердің кеңістіктік орналасуын GPS-координаттар негізінде тіркеу және кадастрлық базаға енгізу, тіршілік ортасының экологиялық жай-күйіне кешенді талдау жүргізу, популяцияны қорғау және тұрақтандыру бойынша.

Мензбир суыры кеміргіштер отрядына, тиіндер тұқымдасына жатады және колония түрінде тіршілік етеді. Түр санының азаюына табиғи және антропогендік факторлар әсер еткен. Сондықтан ол Қазақстанның және Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) Қызыл кітабына енгізілген. 2006 жылдан бастап бұл сирек сүтқоректіні қорғау шаралары Сайрам-Өгем ұлттық паркінде жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

 

 

БҰРМАЛЫ СҮЗГІШ СУ АЛҒЫШ: ҚҰРЫЛЫМЫ, ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР НӘТИЖЕЛЕРІ

Мақалада тоғансыз бүйірлік су алғыштың жаңа үлгісі ретінде ұсынылып отырған бұрмалы сүзгіш су алғыш құрылымының құрылымы, жұмыс істеу қағидаты және зертханалық жағдайда жүргізілген тәжірибелік зерттеулердің нәтижелері қарастырылады. Бұл су алғыш құрылым өзен ағысының табиғи жағдайларына әсер етпей, қажетті су көлемін сүзгіш дамба арқылы каналға өткізуге мүмкіндік береді. Құрылымның артықшылығы – өзен суымен бірге келетін құм-тас шөгінділерінің су алғыш арнаға түсуін азайтуы. Ұсынылған сүзбелі дамба ірі тастар мен темірбетон торкөздерінен жасалып, өзен жағалауының бөлігі ретінде орналастырылады. Су тазартқыш құрылым өздігінен тазаланатын резервуармен және қақпалы реттегішпен жабдықталған. Су дамба арқылы сүзіліп, сүзу кезінде шөгінділерден тазартылады да, резервуарға жиналып, кейін қақпа арқылы су алғыш каналға бағытталады. Құрылым Қарасу өзеніндегі каналдың иілген жағалауында орналасқан, бұл оның гидравликалық тиімділігін арттырып, ағын жылдамдығын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Жұмыста сүзбелі дамбаның су тазалау, балық қорғау және шөгінділерден қорғану функциялары қарастырылып, зертханалық зерттеу нәтижелері графиктермен берілген. Бұл су алғыш типі экологиялық тұрғыдан тиімді және практикалық тұрғыдан қолдануға қолайлы шешім ретінде бағаланады.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЖЕР АСТЫ СУ ҚОРЛАРЫ

Тұщы судың жетіспеушілігі мен климаттық тәуекелдердің артуы жағдайында Қазақстанның жерасты суларының жаңартылатын қорларын бағалау өзекті мәселе болып отыр. БҰҰ-ның «Groundwater: Making the Invisible Visible» (2022) баяндамасына сәйкес, Жер бетіндегі тұщы судың 99%-ға жуығын жерасты сулары құрайды. Олар тұрақты даму, азық-түлік қауіпсіздігі және климаттың өзгеруіне бейімделу тұрғысынан маңызды рөл атқарады.

Әлемдік тәжірибеде жерасты сулары табиғи ресурс ретінде қарастырылады, оның практикалық маңызын негізінен жаңартылатын қорлар айқындайды. Бұл қорлар жерасты сулардың жылдық қоректенуін сипаттап, олардың сарқылмайтын пайдалы қазба ретіндегі негізгі қасиетін көрсетеді және ұзақ мерзімді кезеңде жерасты суларын сарқылусыз пайдаланудың шекті шамасын анықтайды. Мұндай бағалау белгілі бір аймақтың жерасты суларына қамтамасыз етілуін, жерасты және жерүсті суларының арақатынасын және су балансының жалпы құрылымындағы жерасты ағынының рөлін айқындауға мүмкіндік береді.

Мақалада Қазақстан аумағының үш негізгі гидрогеологиялық аймағын қамтитын жерасты суларының гидрогеологиялық ерекшеліктеріне шолу жасалған: қатпарлы-таулы құрылымдар, консолидталған таулы массивтер және платформалық аймақтар. 1960–2020 жылдар аралығындағы аймақтық зерттеулердің нәтижелері негізінде жерасты суларының жаңартылатын қорларын бағалау әдістері қарастырылған. Оларға гидрологиялық талдау, атмосфералық жауын-шашынның инфильтрациясы бойынша есептеу, гидрогеологиялық аналогия және ArcGIS бағдарламалық ортасында кеңістіктік модельдеу жатады.

Аймақтық бағалау нәтижелері бойынша Қазақстанның жерасты суларының жиынтық жаңартылатын қоры 1,17-1,53 мың м³/с немесе 37-48 км³/жыл аралығында өзгереді. Орташа жерасты ағынының қабаты 14-19 мм/жыл, ал ағын модулі 0,45-0,6 л/с·км² шамасында. Ең жоғары көрсеткіштер елдің оңтүстік және шығысындағы қатпарлы-таулы аудандарға тән (жерасты ағыны 80 мм/жыл дейін), ал ең төменгі мәндер – батыстың құрғақ аймақтарында байқалады. Жүргізілген жүйелеу Қазақстандағы ұлттық су балансы мен жерасты суларын тұрақты басқару стратегияларын жетілдіру үшін негіз қалайды.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА АШЫҚ СУАРУ ЖЕЛІСІНДЕГІ СУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ

Қазақстан Республикасында мелиорациялық жүйелердегі, оның ішінде ашық суару желілеріндегі суды есепке алу процестерінің жалпы жағдайы аса қанағаттанарлықсыз деп бағалануда. Ол мемлекеттік су ресурстарын есепке алудың заманауи метрологиялық талаптарына сәйкес келмейді. Негізгі проблемаларға су деңгейі мен ағынды өлшеудің төмен дәлдігі, мәліметтерді баяу жинау, инфрақұрылымның тозуынан (кейбір аудандарда 70%-ға дейін), фильтрациядан (шамамен 40%) және буланудан айтарлықтай су жоғалту жатады. Бұл ресурстарды ұтымсыз пайдалануға және ауылшаруашылық суару тиімділігінің төмендеуіне әкеледі.

Жамбыл облысының ашық суару желілеріндегі суды есепке алу процестерінің құрғақ климаттық жағдайларда су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру үшін принципті маңызы бар. Мақалада Жамбыл облысының ашық суару желілеріндегі суды есепке алу процестерінің жағдайы қарастырылған. Су шығынын өлшеудің негізгі әдістері мен құралдары, соның ішінде арналық және гидравликалық әдістер, сондай-ақ суды есепке алуды автоматтандырудың заманауи тәсілдері сипатталған. Гидрометриялық посттардың техникалық жағдайына, олардың жабдықталуы мен пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылады. Суды есепке алу пункттерінің едәуір бөлігі ұзақ уақыт жұмыс істеуіне және сертификаттау құжаттамасының болмауына байланысты қанағаттанарлықсыз жағдайда екені атап өтілді. Суды есепке алу процестерін цифрландыру және автоматтандыру бойынша бастамалар талданады, оның ішінде «Қазводхоз» каналдарды қайта құру және шаруашылық аралық каналдарға автоматтандырылған жүйелерді енгізуді жоспарлап отыр. Шектеулі қаржыландыруды ескере отырып, есепке алу пункттерін түбегейлі жаңғырту қиынға соғатыны атап өтілді. Осыған байланысты, ашық суару арналарының ерекшеліктеріне бейімделген неғұрлым қолжетімді және үнемді өлшеу құралдары мен әдістерін енгізу орынды бағыт болып табылады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЛҚАПТАРЫН КАДАСТРЛЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ӘДІСТЕМЕЛЕРІН ТАЛДАУ

Бұл мақалада ауыл шаруашылығы алқаптарын кадастрлық бағалау әдістері зерттеліп, шетелдік тәжірибелерге талдау жасалды. Жер кадастрының экономикалық мәнін, оның нарықтық қатынастар мен мемлекеттік реттеу жүйесіндегі орнын айқындай отырып, бағалау нәтижелерінің жерге салық салу, жалдау төлемін есептеу, сондай-ақ инвестициялық шешімдер қабылдау барысында маңызын атап өтеді.  Беларусь, Латвия, Армения және Польша сияқты елдердің бағалау жүйелерін салыстырып, олардың нормативтік-құқықтық базасын, қолданылатын әдістерін және бағалау жиілігін қарастырды. Әр елдің тәжірибесі арқылы бағалаудың тиімді жақтары мен Қазақстан жағдайында енгізуге болатын бағыттар айқындалған. Жұмыста жердің кадастрлық құнының салық салу, жалдау ақысы мен инвестициялық шешімдер қабылдаудағы маңызы айқындалды. Әсіресе, жердің топырақ сапасы, құнарлығы, инфрақұрылымға жақындығы сияқты факторлардың бағалау нәтижесіне әсері көрсетілген. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстандағы «Поляна» ЖШС мысалында жердің кадастрлық құны мен жалдау ақысы есептеліп, ұзақ мерзімді жалға алудың экономикалық тиімділігі дәлелденді. Қазақстанда кадастрлық бағалау әдістемесін жетілдіру үшін шетелдік тәжірибелерді енгізудің маңыздылығын атап өттік.

Зерттеу барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бағалау мәселелері бойынша ғылыми жарияланымдары мен мерзімді басылымдар, статистикалық ақпараттық пайдаланылды. Мақалада диалектикалық, логикалық әдістер, экономикалық және статистикалық әдістер қолданылды. Жерді бағалау жүйесінде шет елдік тәжірибені зерделейміз.

Мақалада ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану, жер нарығын дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру үшін ғылыми негізделген ұсыныстар ұсынады.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚБӨКЕН ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ЖӘНЕ РАЦИОНАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мақалада Қазақстанда мекендейтін киіктің үш негізгі популяциясының - Бетпақдала, Үстірт және Орал топтарының - қазіргі сандық көрсеткіштері, таралу ареалы және олардың динамикасы жан-жақты қарастырылады. Киікті есепке алу үшін қолданылған заманауи әдістерге ерекше назар аударылған. Атап айтқанда, зерттеу барысында жер үсті маршруттық санақ әдісі, авиациялық санақ арқылы кең көлемді деректер жиналды. Бұл деректерге статистикалық түзету коэффициенттері қолданылып, есеп нәтижелері жоғары дәлдікпен бағаланды. Киік популяцияларын есепке алу барысында олардың маусымдық миграциялық бағыттары, шоғырлану аймақтары мен демографиялық құрылымы ескерілді. Зерттеу көрсеткендей, киік саны 2000-жылдармен салыстырғанда біршама артқанымен, популяция тұрақсыз күйде қалып отыр. Бетпақдала популяциясы ірі топ болып есептеледі, алайда ол да сыртқы қауіп-қатерлерге аса сезімтал. Үстірт популяциясы экологиялық қысымның жоғары болуына байланысты ерекше қорғауды қажет етеді. Орал популяциясы салыстырмалы түрде тұрақты болғанымен, оның ареалы адамның шаруашылық әрекетіне байланысты қысқарып келеді. Мақалада сондай-ақ киікті сақтау мен оның санын тұрақтандыруға бағытталған шаралар кешені ұсынылған. Құқықтық аспектілерге киікке қатысты заңнаманы күшейту, браконьерлікке қарсы күрес шараларын қатаңдату және құқық бұзушыларға қатысты жаза түрлерін нақтылау жатады. Ұйымдастырушылық жағынан киік популяциясын бақылау, мониторинг жүргізу және ғылыми мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты арттыру ұсынылды.

ІШКІ ШАРУАШЫЛЫҚ АРНАЛАРЫНЫҢ СУ ӨЛШЕУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНЫҢ КОНСТРУКТИВТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мақалада пайдаланылатын ішкі шаруашылық арналардың негізгі сипаттамалары мен конструктивтік элементтері жарияланған. Арналардың көлденең қимасының формалары сипатталады — трапеция, тікбұрышты және параболалық, олардың параметрлері, оның ішінде ені, құрылыс биіктігі және су ағыны режимі. Көптеген арналардың тыныш режимде жұмыс істейтіндігінің дәлелі ретінде гидравликалық ағын параметрлері мен ағын режимдері туралы айтылған.

Сондай-ақ, су есептегіштерін пайдалануды және нақты есеп жүргізуді қиындататын каналдардың шөгінділермен және өсімдіктермен толып кетуінен туындайтын су ағынын есепке алу мәселелері егжей-тегжейлі қарастырылған. Бұл мәселелерді шешу үшін портативті су өткізетін құбырларды пайдаланып су басқан және бос жарамдылық мерзімдерінде есепке алуға қабілетті мамандандырылған су өлшегіш құрылғыларды әзірлеу ұсынылған.

Мақалада ақылы суды пайдалану жағдайында суды дәл есепке алудың маңыздылығын көрсетеді, мұнда өлшеу дәлдігі + / - 5% аспауы керек. Су өлшегіш құрылыстарды сәтті пайдалану мысалдары келтіріліп, өлшеу дәлдігін арттыру және пайдалану жағдайларын жеңілдету үшін осы құрылыстардың жұмысын оңтайландыру шаралары сипатталған.

Суды ішкі шаруашылық арналарына магистральды және шаруашылықаралық су арналары арқылы жеткізеді. Осы ішкі шаруашылық арналарының бастауында судың мөлшерін дәл есепке алу мақсатында түрлі типтегі су өлшеу құрылғылары – «тұрақты арналар», «жіңішке қабырғалы су тастағыштар», «арналық науалар» және басқа да құрылымдар орнатылады.

ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДЕ КОЛЛЕКТОРЛЫҚ-ДРЕНАЖДЫҚ СУЛАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ МАҚСАТЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-МЕЛИОРАЦИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ

Тұщы су ресурстарының жетіспеушілігі артып келе жатқан жағдайда, суаруда қолданылатын коллекторлық-дренаждық сулардың (КДС) сапасы қызығушылық тудыруда. Суару суының жарамдылығы бірнеше факторларға тәуелді: суғару суының құрамының минералдану деңгейі мен химиялық құрамына, топырақ пен астындағы қабаттардың су өткізгіштігіне, жер асты суларының жату тереңдігіне және минералдану деңгейіне, климатқа, өсірілетін дақылдардың тұзға төзімділігіне. Коллекторлық-дренаждық суларды пайдалану әдісі көбінесе тұщы су ресурстарының көлеміне байланысты болады.

Суармалы алқаптардан тыс орналасқан су көздеріне және жер бедерінің табиғи ойыстарына жіберілетін коллекторлық-дренаждық сулардың едәуір көлемі, су көздерінің гербицидтермен, пестицидтермен және егіншілік қалдықтарымен ластануына әкеледі. Сонымен қатар, дренаждық және коллекторлық-дренаждық сулардың табиғи ойыстарға ағызылуы жер асты сулары деңгейінің көтерілуіне және оған іргелес жатқан суармалы жерлердің мелиорациялық жағдайының нашарлауына себеп болады. Осыған байланысты дренаждық суларды пайда болған орындарда қайталама пайдалануды ғылыми негізде ұйымдастыру маңызды рөл атқарады.

2022 жылы Түркістан облысының су ағызу жүйелерінде орналасқан гидробекеттерде жүргізілген гидрологиялық бақылау нәтижелері бойынша облыстың суармалы алқаптарынан ағызылған коллекторлық-дренаждық суларының жалпы көлемі 597,8 млн м³-ті құрады. Соның ішінде Мырзашөл суармалы массиві (Мақтаарал және Жетісай аудандары) бойынша бұл көлем 278,8 млн м³ немесе облыс бойынша жалпы коллекторлық дренаждық ағынның шамасы 47%-ды құрайды.

Мырзашөл суармалы массивіне Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарының суармалы жерлері кіреді. Табиғи-климаттық жағдайларына қарай бұл аумақ шөлейт аймаққа жатады. Ол атмосфералық жауын-шашынның аз мөлшерімен және олардың маусымдар бойынша біркелкі бөлінбеуімен, қыстағы төмен және жаздағы өте жоғары ауа температураларымен сипатталады. Аумақтың климаты – күрт континенттік, аса құрғақ және күн жылуының жоғары мөлшерімен ерекшеленеді [3].

Осыған байланысты, суару жүйесінде коллекторлық-дренаждық суларды пайдаланудың экологиялық қауіпсіздігін ескере отырып, суару сапасының (ирригациялық сапасының) динамикасын бағалау – ғылыми тұрғыдан негізделген маңызды міндет болып табылады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ДИНАМИКАСЫН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Қазақстанның аграрлық секторының трансформациясы жағдайында азық-түлік қауіпсіздігін және ауыл шаруашылығының орнықты дамуын айқындайтын Жер ресурстарын ұтымды пайдалану ерекше маңызға ие. Әлеуметтік-экономикалық динамика демографиялық, өндірістік және институционалдық факторлардың әсерінен жерді пайдалану құрылымы мен тиімділігінің өзгеруін көрсетеді. Мақаланың мақсаты-Қазақстанның ауыл шаруашылығында олардың қолданылуына баса назар аудара отырып, әлеуметтік-экономикалық жер пайдалану динамикасын зерттеу әдістерін жүйелеу және талдау. Теориялық-әдіснамалық талдау, ғылыми тәсілдердің жіктелуі және отандық және шетелдік зерттеулерге шолу қолданылды. Сандық және сапалық әдістерді кешенді қолдану жерді пайдалану өзгерістерінің ерекшеліктерін және оның тұрақтылық факторларын анықтауға мүмкіндік беретіні көрсетілген. Қолданыстағы әдістемелерді аймақтық жағдайларға бейімдеу және әлеуметтік-экономикалық талдауды цифрлық құралдармен біріктіру қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІККЕ ЖЕРЛЕРДІҢ ЖАРАМДЫЛЫҒЫН КӨП КРИТЕРИЙЛІК ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУ

Бұл мақалада салмақталған қосынды әдісін қолданатын көп критерийлік шешім қабылдау (MCDA) әдісіне негізделген суармалы егіншілікке арналған жерлердің жарамдылығын бағалау тәсілі ұсынылады. Зерттеудің мақсаты – суармалы егіншілікке жердің әлеуетіне әсер ететін әртүрлі факторларды олардың салыстырмалы маңыздылығын ескере отырып біріктіру. Зерттеу Солтүстік Қазақстан облысының аумағында суармалы егіншілікке арналған жерлердің жарамдылық дәрежесін бағалауға арналған әдістемені әзірлеуге және сынақтан өткізуге бағытталған. Топырақ, геологиялық параметрлер, жерді пайдалану және басқа да он негізгі критерий анықталып, сандық тұрғыдан бағаланды. Критерийлердің салмақтарын анықтау үшін иерархиялар анализі (AHP) әдісі қолданылды, бұл критерийлердің жұптық салыстыруларына негізделген күрделі шешімдерді құрылымдауға мүмкіндік берді. Есептеу нәтижелері кеңістіктік дифференциация картасы түрінде ұсынылды және суармалы егіншілікке жарамдылықтың әртүрлі дәрежелері көрсетілді. Талдау көрсеткендей, жоғары жарамдылық аймақтары негізінен аймақтың солтүстік-батысында, көлдер мен Есіл өзенінің бойында орналасқан, ал төмен жарамдылықтағы жерлер оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерде басым. Дайындалған әдістеме жер ресурстарының қазіргі әлеуетін анықтап қана қоймай, олардың ұзақ мерзімді тұрақтылығына әсер ететін факторларды да ескеруге мүмкіндік береді. Бұл ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту мен жоспарлау саласында негізделген шешімдер қабылдауға, сондай-ақ суармалы жүйелерді дамытуға перспективалы аумақтарды анықтауға негіз болады.

«ҚҰЛАННЫҢ (EQUUS HEMIONUS) РЕИНТРОДУКЦИЯСЫН ІЛЕ-БАЛҚАШ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТЫНЫҢ ІЛЕ ӨЗЕНІНІҢ САҒАЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ ЖАҒДАЙЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ»

Бұл мақалада құланның (Equus hemionus) «Іле-Балқаш» МТР-ты аумағына реинтродукциясы кезінде олардың жаңа экожүйелерге бейімделуі мен биологиялық негіздемесі қарастырылады. Жануардың биологиялық ерекшелігі, таралу ареалы, дене бітімі, салмағы, төлдеу және көбею кезіндегі мінез-құлқы қарастырылған. Құландардың мекен ету аймағының табиғи-климаттық жағдайлары, жақын орналасқан гидрометеорологиялық станциялар деректері, геологиялық құрылымы, рельефі, климаты, гидрологиялық режимі, топырақ жамылғысы мен өсімдіктер дүниесі жан-жақты талданған. Жануарларды арнайы бақылау алаңдарында және волерлерде қадағалау әдістері қарастырылған. Сонымен қатар жерсіндіру кезеңінде құландардың қосымша қоректік және минералдық заттармен қамтамасыз ету және олардың қоректену кезіндегі мінез-құлқының ерекшеліктеріне тоқталған. Физиологиялық қажеттіліктеріне сай толыққанды азықпен қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы биотехникалық нормативтерге сәйкес азық мөлшері есептеліп кестемен берілген. Құланның өмір сүретін негізгі жерлерін, шөптің қанша түрімен азықтанатын, құрамы берілген. Резерваттағы омыртқалы жануарлардың көктемгі және күзгі санаққа енген түрлерінің нәтижесі дәйектелген. Құландардың күзде және қыста үлкен үйірге топтасып, кейін күйекке түсу кезіндегі мінез құлқы, буаз болу уақыты, жыныстық жетілу мерзімдеріне тоқталған. Көру, есту және иіс сезу мүшелерінің жақсы жетілгенін қарастырған.

ҚАЗАҚСТАНДА ГЕОПОРТАЛДАРДЫ ДАМЫТУ ҮШІН ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕКҚОРЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Қазақстандағы цифрлық трансформацияның жүріп жатқан жағдайында геокеңістіктік дерекқорларға негізделген геопорталдарды әзірлеу кеңістіктік деректерді басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттырудың стратегиялық бағытына айналуда. Зерттеудің мақсаты — геопорталдарды жобалау мен енгізуде географиялық дерекқорларды пайдаланудың тиімділігін бағалау және елде бірыңғай геоақпараттық ортаны құруға арналған әдістемелік тәсілдер ұсыну. Жұмыста QGIS, ArcGIS Pro, PostgreSQL/PostGIS және Leaflet платформалары қолданылып, әкімшілік, гидрографиялық, ауыл шаруашылығы және инфрақұрылымдық деректер қабаттарын біріктіру мен визуализациялау қамтамасыз етілді. Ашық стандарттарды (OGC WMS/WFS, ISO талаптарына сай метадеректер) сақтау, рөлге негізделген қолжетімділікті басқару және ведомствоаралық пайдалануға лайық ауқымдалатын орналастыру үлгілеріне ерекше көңіл бөлінді. Ұсынылған геопортал архитектурасы деректерді өңдеу, талдау және визуализациялау үдерістерін біріктіреді, кеңістіктік ақпаратқа дерлік нақты уақыт режимінде қолжетімділік береді, сондай-ақ деректер сапасын қамтамасыз ету (топологияны тексеру, схема/құрылымды валиддеу), кэштеу және журналдау тетіктерін қамтиды, бұл өнімділік пен аудитке жарамдылықты арттырады. Бағалау өңірлік және ұлттық ГИС жүйелерімен өзара үйлесімділікті сынау, жүктеме кезіндегі жауап беру уақытын бенчмаркингтеу және салалық сарапшылардың қатысуымен пайдаланушылық қабылдау сынақтары арқылы жүргізілді. Нәтижелер геодерекқорларды қолдану платформалар арасындағы өзара үйлесімділікті айтарлықтай жақсартатынын, беделді деректер жиынтықтарын табу мен қайта пайдалануды жеңілдететінін және Қазақстандағы жер ресурстарын басқару, экологиялық мониторинг және кеңістіктік жоспарлау үдерістерінің цифрлық трансформациясына үлес қосатынын көрсетеді. Зерттеу деректерді басқару, деректердің өмірлік циклін ұйымдастыру және технологиялық стекті таңдау бойынша орнықты, қауіпсіз және кеңейтілетін геопортал енгізілімдерін қолдайтын практикалық ұсынымдармен аяқталады.

ШАРДАРА МАССИВІНІҢ СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-МЕЛИОРАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ

Мақалада Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі, әсіресе Шардара массивіндегі суармалы жерлердің экологиялық-мелиорациялық жағдайы қарастырылады. Ирригациялық жүйелердің тозуы, суару суларының сапасының нашарлауы, жер асты сулары деңгейінің көтерілуі және топырақтың екінші реттік тұздану процестері талданды. Гидромелиорациялық жүйелердің жағдайын бағалаудың әдіснамалық негізі М.Ф.Натальчуктың жіктеуіне негізделді. Бұл әдіс ирригациялық желілердің техникалық жағдайын және олардың функционалдық жарамдылық деңгейін объективті түрде анықтауға мүмкіндік берді. Аталған жіктеу мелиорациялық жүйелердің жағдайын және ирригациялық инфрақұрылымның тиімділігін сипаттайтын негізгі параметрлердің кешенді талдауына сүйенеді. М.Ф.Натальчук әдісі негізінде жүргізілген зерттеу нәтижелері гидромелиоративтік жүйелердің қазіргі жағдайының сын көтермейтінін көрсетті. Яғни, аймақтағы суару жүйелерінің басым көпшілігі IV разрядқа жататыны анықталды. Бұл жағдай суару инфрақұрылымының аса күрделі жағдайда екенін көрсетіп, оның толықтай жаңғыртылуын қажет ететінін айқындайды. Сонымен қатар, суару жүйелерін жаңғырту және қалпына келтіру бойынша бірқатар шаралар ұсынылған, соның ішінде каналдардың пайдалы әсер коэффициентін (ПӘК) арттыру, заманауи агротехнологияларды енгізу және коллекторлы-дренаждық сулардың сапасын жақсарту. Суармалы жерлердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін экологиялық, экономикалық және әлеуметтік аспектілерді қамтитын кешенді көзқарас қажеттілігі атап өтілді.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ СУҒА ҚАЖЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ

Әлем су тапшылығының өткір мәселесіне тап болып отыр. Қазақстанның Шардара ауданында қолданылып жүрген қазіргі суару әдістері сұранысқа бағытталмаған. Бұл зерттеу Шардара ауданында өсірілетін негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының суға қажеттілігін (CWR), суару үшін қажетті судың мөлшерін (IWR) және суару кестесін климаттық, топырақтық және ауыл шаруашылық деректерге негізделген CROPWAT моделін пайдалану арқылы анықтау мақсатында жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері бойынша аймақтағы жылдық жауын-шашын мөлшері 236,0 мм, оның ішінде тиімді жауын-шашын 58,2 мм құрады. Өсімдіктердің жалпы суға қажеттілігі 1688,1 мм/онкүндік, таза суару қажеттілігі 1522,0 мм, ал су жеткізу кезінде болатын шығындарды ескере отырып, жалпы суару мөлшері 2174,3 мм болды. Сызба бойынша айлық таза суару қажеттілігі сәуірде — 31,9 мм, мамырда — 108,8 мм, маусымда — 293,6 мм, шілдеде — 482,7 мм, тамызда — 410,8 мм, қыркүйекте — 247,2 мм, қазанда — 113,0 мм болды.

Сонымен қатар, таза суару жүйесінің ағын жылдамдығы сәуірде — 0,11 л/с/га, мамырда — 0,47 л/с/га, маусымда — 1,24 л/с/га, шілдеде — 1,68 л/с/га, тамызда — 0,94 л/с/га, қыркүйекте — 0,95 л/с/га, қазанда — 0,42 л/с/га деңгейінде анықталды. Жоғары температура мен төмен салыстырмалы ылғалдылыққа байланысты CWR және IWR көрсеткіштері құрғақ маусымда жоғары болды. Дегенмен, әр дақылдың суару қажеттілігі бастапқы өсу кезеңінде төмен болып, өсудің толық кезеңінде ең жоғары деңгейге жетті.

Зерттеу нәтижелері CROPWAT моделін суару қажеттілігін дәл анықтауда тиімді құрал ретінде пайдалануды ұсынады. Сондықтан ауыл шаруашылық дақылдарының суару қажеттілігін жоспарлау моделі суды тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығындағы климаттық өзгерістерге бейімделу үшін аса маңызды болып табылады.

ШЕЛЕК ӨЗЕНІ АЛАБЫНДАҒЫ БАРТОҒАЙ СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ СУ ШАРУАШЫЛЫҚ БАЛАНСЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

Бартоғай су қоймасы Алматы қаласынан 175 км және Шелек ауылынан 70 км қашықтықта орналасқан Бартоғай шатқалында орналасқан. Су қоймасының жобалық жалпы сыйымдылығы – 320 млн м³, оның ішінде өлі көлемі – 70 млн м³ және пайдалы көлемі – 250 млн м³. Бөгеттің биіктігі – 60 м, жотасының ұзындығы – 325 м, ал жалғастырушы дамбалардың жалпы ұзындығы – 250 м.

2023 жылы «Қазгипроводхоз» институты көпфакторлы зерттеу жүргізіп, Бартоғай су қоймасы бөгетінің қауіпсіздік декларациясын дайындады. Есепке сәйкес, су қоймасының жалпы жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған. Зерттеу нәтижелерінің негізінде «Алматы облысындағы Бартоғай су қоймасы бөгетінің сейсмотұрақтылығын арттыру және қайта жаңарту» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл жоба 2024 жылғы бюджет өтініміне енгізілген.

Қазіргі уақытта су қоймасы Балқаш-Алакөл су ресурстарын реттеу, пайдалану және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция бекіткен пайдалану режиміне сәйкес жинақтау режимінде жұмыс істейді. 2024 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша су көлемі 276,92 млн м³ құрады, бұл жобалық сыйымдылықтың 86%-ын құрайды. 2023 жылдың дәл осы кезеңінде су көлемі 289,84 млн м³ болған. Су келімі – 10,7 м³/с, ал ағызу – 0,2 м³/с. Тасқын суды қабылдау үшін бос сыйымдылық 14% болды.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕХАНИКАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРЛЕНДІРУ

ЖЕМІС АҒАШТАРЫНЫҢ ДІҢ АЙНАЛАСЫ ЖОЛАҚТАРЫН ӨҢДЕУ БАРЫСЫНДА МУЛЧА ЖАБЫНЫН ЖАСАУ ҮРДІСІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТЕУ

Қазіргі қарқынды өсірілетін бақтарда ағаш қатараралықтарына көпжылдық шөп себіледі, ал дің маңайындағы жолақтар сүрі жер ретінде сақталады. Ол жолақтарға сидераттар себіледі. Қатараралықтарда өсірілген сидераттар жұйелі түрде шауып алынады,, содан кейін  ұсақталып, алдын ала нығыздағаннан кейін, өңделген жердің бетінде қиынды күйінде қалдырылады. Сидерат  қиындылары азот, ақауыз, крахмал, қант, басқадай микроэлементтерге бай болғандықтан жер бетінде компост қалыптасады, ал ол  топырақты шайылып кету мен эрозиядан қорғайды.

Өсімдіктер тамыры топырақтың механикалық құрылымын жақсартады: азот жинайтын тамыр арналарының жүйесі құрылады, сондай-ақ - ұзақ ұақыт бойы топырақтың жоғарғы қабатында гумустың тез пайда болуымен пайдалы ылғалдың жиналуына ықпал етеді.

Дің айналасындағы жолақтар топырағын механикалық әдістер немесе гербицидтермен өңдейді.  Алайда, дің айналасындағы жолақтарды өңдеу тәсіліне қарамастан, олардың бетін құрғап кетуден сақтамай, ылғал қорын қамтамасыз ету мүмкін емес. Проблеманы шешудің түрлі тәсілдері бар, солардың ішінде дің айналасындағы жолақтар бетін мулчирлеу. Мулчирлеу топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері мен пайдалы ылғалдың сақталуына және жеміс сапасы мен өндірімділктің артуына оң әсер етеді.

Бау қатараралықтарындағы  дің айналасы жолақтарын мулчирлеуге келешекте қажетті материал болатын көпжылдық шөпті сол жолақтарға өсіру болашағы бар бағыт болып табылады. Аралас шөптерді мулчирлеуге арналған техникалық құралдардың тапшылығы мен дайын қиындыларды тығыздап және оларды өңделген дің айналасындағы жолақтар бетіне біркелкі жаю осы зерттеулер өзектілігін айқындайды.

Барабан түріндегі  шөп өсімдіктерін мулчирлеуші жұмысының кұрылымдық-технологиялық сұлбасы ұсынылады және оның техникалық нәтижесі - шөпті ұсақтау дәрежесін арттыру.

Дің айналасы жолақтарындағы аралас шөпті мулчирлеуіші құралдың жұмыс атқару парамерлерінің теориялық негіздемесі келтірілген. Зерттеулер нәтижесінде технологиялық үрдістің орындалу сапасына мулчирлеуші құрал жұмысының негізі  кұрылымдық-режимдік көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік беретін талдамалық тәуелділіктер анықталды.

 Теориялық және тәжірибелік  зерттеулер негізінде «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС зауытында аралас шөпті мульчирлеу құралдың тәжірибелік үлгісі дайындалатын болады.

ИМПУЛЬСТІ ТӨМЕН ЖИІЛІКТІ ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ӨРІСТІҢ БИДАЙ ТҰҚЫМЫНА ӘСЕРІ

Мақалада төмен қарқынды импульстік электромагниттік өрістердің жаздық бидай тұқымдарының физиологиялық және құрылымдық қасиеттеріне әсері жан-жақты қарастырылған. Жүргізілген зерттеу нәтижелері себу алдында мұндай өңдеудің тұқымның өну процесін жеделдететінін және жалпы биологиялық белсенділікті күшейтетінін көрсетті. Атап айтқанда, бақылау тобымен салыстырғанда сәулеленген тұқымдар әлдеқайда жылдам әрі жоғары пайызбен өнеді. Өскіндер мен тамырлардың массасы едәуір артып, өсімдік дамуының алғашқы кезеңінде жинақталатын энергия қоры күшейе түседі.

Оптикалық микроскопия әдісі арқылы алынған деректер дифференциалды сканерлеу калориметриясының нәтижелерімен толықтырылып, электромагниттік өрістің жасуша құрылымында айқын өзгерістерге себеп болатынын дәлелдейді. Бұл өзгерістер крахмал түйіршіктерінің жаңа кристалдық формаларының түзілуімен және ерекше ассоциациялардың қалыптасуымен сипатталады. Мұндай құрылымдық қайта құрулар мембраналардың өткізгіштігін күшейтіп, су молекулаларының жасуша ішіне таралуын жеңілдетеді. Нәтижесінде тұқым тезірек ісініп, өнуі жылдам жүреді.

Сонымен бірге, минералды құрамдағы өзгерістер де байқалады. Ол өсімдік жасушаларының биохимиялық тепе-теңдігіне оң әсер етіп, физиологиялық үдерістердің белсенділігін арттырады. Жалпы алғанда, бұл зерттеу электромагниттік өрістерді ауыл шаруашылығы тәжірибесінде тиімді құрал ретінде пайдаланудың болашағы зор екенін айқындайды.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС ЖАҒДАЙЫНДА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН ӨНДІРУГЕ ЖӘНЕ ЖИНАУҒА АРНАЛҒАН МАШИНАЛАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНІ

Қант қызылшасын өндіруге арналған қолданыстағы шаруашылықтардағы  техникаларға талдау келтірілген.  Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының топырағы  кеуіп кетуге, қабыршақтануға және жоғары қаттылануға бейім болып келеді. Нәтижесінде, қант қызылшасын өндірудің дәстүрлі технологиясы осы жағдайларда күтілетін нәтижелерді: өсінділердің оңтайлы тығыздығы, өсімдікдің өсу жағдайлары және соңында   шығындарды өтеуді және пайдалылықты қамтамасыз ететін өнімділікке қол жеткізілмейді.

Қант қызылшасын өндіру негізінен шағын және орта шаруашылықтарда шоғырланған, олар экономикалық себептерге байланысты шетелдік өндірушілер ұсынатын қымбат топырақ өңдеуге, тұқым себуге және қызылша жинауға арналған жабдықтарды сатып ала алмайды.

Қант қызылшасын өндірудің дәстүрлі технологиясын  жер  жырту, себу алдында топырақты бірнеше рет қопсыту,  жер қыртысын тегістеу, тұқым себу,  қатар аралықтарын 25 см тереңдікке дейін өңдеу, түбірді  жинау құрайды. Сонымен қатар, өңдеу мен тұқым себу арасындағы уақыттың кідірісі  топырақтың кебуіне соқтырады.  Сонымен қатар, пассивті жұмыс бөліктері бар топырақ өңдейтін құрал-саймандар қант қызылшасының тұқымын кейіннен жоғары сапалы себу үшін қажетті топырақтың қопсытуын  қамтамасыз етпейді.

               Шілде және тамыз айларында жүйелі суару және ауаның жоғары температуралығы нәтижесінде қант қызылшасының қатараралығында топырақ қаттылығы 3-4 МПа жоғары мәндерге жетеді, мұндай жағдай ылғалдың қызылша тамырларына жетуіне және газ алмасуына кедергі жасайды. Өндірушілер шығаратын отамалы дақылдарға арналған  культиваторлар қатар аралықты жеткілікті тереңдікте (12-14 см) өңдемейді. Шаруашылықтарда бар қант қызылшасын жинайтын комбайндардың қант қызылшасының түбірін зақымдау дәрежесі шектен жоғары.  Жоғарыда айтылғандарға байланысты зерттеудің мақсаты машина-трактор агрегаттарының (МТА) егістікте жүріс санын азайтуды, технологиялық операциялар арасындағы уақыттық аралықты қысқарту, топырақты сапалы қопсыту және тұқым себу, қант қызылшасы қатараралығын  25 см-ге дейін терең қопсыту, қызылша түбірлерін зақымданусыз жинау бойынша машиналар технологиялық кешенін әзірлеу болып табылады.               Осы мақсатқа жету үшін тұқым себер алдындағы фрезалық өңдеу мақсатында вертикальды-роторлы культиватор, тұқым себер алдындағы фрезалық өңдеуді және дәл себуді қамтамасыздандырушы күрделі сепкіш, Қант қызылшасы қатараралығын беткі (14 см-ге дейін) және терең (25 см-ге дейін) өңдеуге арналған әмбебап қопсытқыш; аймақтың топырақтық-климаттық жағдайына бейімделген және тамырдың аз зақымдануын қамтамасыз ететін қант қызылшасын жинайтын комбайн әзірленеді.