ХЛАМИДИОЗ АУРУЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ХЛАМИДИОЗҒА РЕЗИСТЕНТТІ ПОЛИМОРФИЗМДЕР АССОЦИАЦИЯСЫН ТАЛДАУ
Ауыл шаруашылығы жануарлары өнімділігінің генетикалық әлеуетін арттыру барысында маркер-ассоциацияланған селекциялық іс-шаралармен қатар бактериялық инфекцияларға төзімділіктің генетикалық маркерлерін қолдану ветеринария саласы үшін елеулі демеу бола алады. Осы ретте, инфекциялық ауруларды, оның ішінде хламидиозды заманауи әдістерді қолдана отырып диагностикалау,емдеуге жұмсалатын шығындарды және хламидиозға резистентті полиморфизмдер ассоциациясын талдау, ауру жануарларды өлім-жітімнен, іш тастаудан және іріктеуден болатын шығындарды төмендету есебінен шаруашылықтың рентабельділігін арттырады. Аталмыш жұмыста зерттелетін жануарлардағы хламидиоз инфекциясы диагностикаланып, жануарлардың генотиптері анықталды, сонымен қатар аталмыш жануарларда мутациялардың кедесу жиілігі және әрбір жеке полиморфизмнің бактериялық инфекцияларға төзімділігі бар ассоциациялары талданды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде зерттеу топтарындағы жануарлардың генотиптері анықталды. Аталмыш жануарлардың биологиялық үлгілері bTLR4-BstU1 және bTLR6-Tag1 полиморфизмі бойынша мономорфты. Сол себепті, зерттеу жұмыстарына басқа авторлардың зерттеулерінің негізіндежасалған қорытындыларға сәйкес, ірі қара малдың бактериялық инфекцияларыменбайланысты қосымша MBL1-HaeIII және LTF-EcoRIекі полиморфты ген қосылды; хламидиозбенауыратын жануарлар тобында байқалған генотиптердің жиіліктері Харди-Вайнберг заңы бойынша теориялық күтілгеннен статистикалық маңызды ауытқуы бар екендігі анықталды. TLR9-BfaI полиморфизмі бойыншаTLR9-BfaIAG гетерозиготаларының және LTF-EcoRI полиморфизмі бойынша LTF-EcoRIAB гетерозиготалар санының жоғары болуы байқалады. Бұл TLR9-BfaIAG және LTF-EcoRIAB генотиптер ассоциациясының хламидиозға төзімділігінің төмендеуін сипаттайды; TLR9-BfaIАА және MBL1-HaeIIICC генотиптері хламидиозға жоғары төзімділіктің генетикалық маркері ретінде анықталды; TLR9-BfaIAG және MBL1-HaeIIIТТ генотиптері хламидиозбен сырқаттанушылықтың жоғары қаупінің генетикалық маркері ретінде анықталды.