Мәзір

№ 1 (89) (2021): Ізденістер, нәтижелер

қаңтар - наурыз 2021

Жарияланды: 30.03.2021

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ

«КЕНЕМ» ПРЕПАРАТЫНЫҢ АКАРИЦИДТІК ӘСЕР ЕТУ МЕРЗІМІНІҢ ҰЗАҚТЫҒЫ ЖӘНЕ ІРІ ҚАРА МАЛДЫ ИКСОДИД КЕНЕЛЕРІНЕН ҚОРҒАУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ

Ғылыми мақалада, «Кенем» препаратының акарицидтік әсер ету мерзімінің ұзақтығы және ірі қара малды иксодид кенелерінен қорғау кезіндегі экономикалық негіздемесі келтірілген. Зерттеу нәтижесінде акарицидтік тиімділік және препараттардың қалдық акарицидтік әсерінің ұзақтығы кенеге қарсы іс-шараларды жоспарлауда маңызды компо-ненттер болып табылды. Практикалық тұрғыдан маңызды сәт болып оңтүстік аймақтарда ұсынылған акарицидтер жағдайында ірі қара малды иксодид кенелеріне қарсы емдеудің экономикалық негіздемесі саналды. Препараттың өзіндік құны (бағасы) 100 басқа есептегенде салыстырмалы препарат бағасынан 1 788,15 теңгеге артық болғанымен оның қолдану жиілігі кем және қосымша қондырғылар қолдануды талап етпейді. Бұл «Кенем» препаратының қалдық акарицидтік әсерінің ұзақ кезеңіне байланысты, ол 30 күнді құрады, бұл емдеу шараларын жүргізу санын азайтуға мүмкіндік берді.

Ірі қара малды иксодид кенелерінен қорғау кезінде акарицидтерді қолданудың экономикалық негіздемесін есептей отырып, иксодид кенелерінің малға жабысуының алдын алудың ең қолайлы әдісі – бұл «Кенем» препаратын жергілікті қолдану, ол арнайы жабдықтар мен техникалық қызмет көрсету персоналының дағдыларын қажет етпейді, препараттың ұзақтығы 30 күн, осыған байланысты оны бүкіл кенелеу маусынында 1 малға қолдану құны ветеринмен салыстырғанда 44 %-ға арзан, яғни 1 421,4 теңгені құрады.

ЖЕРГІЛІКТІ ШУНГИТ МИНЕРАЛЫ НЕГІЗІНДЕГІ АЗЫҚТЫҚ ҚОСПА ПАЙДАЛАНҒАН АФРИКАЛЫҚ ЖАЙЫН ЕТІНІҢ САПАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Мақалада Алматы облысы, «ASYL TAS ENGINEERING» ЖШС бассейндерінде өсірілген, жергілікті шунгит минералды азықтық қоспасымен азықтандырылған африкалық жайын балығы етінен алынған сынамалар құрамындағы дәрумендер мен минералды заттар мөлшері және май қышқылдық құрамы келтірілген. Жергілікті шунгит минералды азықтық қоспасымен азықтандырылған және минералды азықтық қоспамен азықтандырылған африкалық жайын балығынан алынған сынамаларды «Өнім сапасы және тағам қауіпсіздігі» зертханасында ветеринариялық санитариялық сараптау жүргізіліп, зерттеулер нәтижесі салыстырыла отырып тексеріліп, ветеринариялық санитариялық бағаланды. Зерттеу барысында белгілі болғандай, жергілікті шунгит минералды азықтық қоспасымен азықтан-дырылған африкалық жайын балығынан алынған сынамалар құрамында суда және майда еритін дәрумендерден А, Е, В2, С дәрумендерінің мөлшері 14,2% артық, ал В1, РР дәру-мендері 3,7% төмен болғандығы анықталды. Микро-макроэлементтер құрамынан натрий, кальций, магний, фосфор, темір, йод мөлшері жоғары, калий, цинк мөлшері төмен екендігі белгілі болды. Ал, май қышқылдарының жалпы мөлшері минералды азықтық қоспамен азықтандырылған африкалық жайын балығына қарағанда 15% жоғары болды. Яғни, шунгит минералды азықтық қоспамен үстеме азықтандырылған африкалық жайын балығы еті сапалы, қауіпсіз өнім болып табылады.

ҚОЯН ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚАРАЙ МИКРОҚҰРЫЛЫМЫ

Малдардың ас қорыту жүйесіне қарағанда, терісі бағалы аңдар қатарына жататын қояндардың ас қорытуы жүйесінің өзіндік ерекшелігі бар. Қояндарға талшыққа бай тағамдарды сіңіру қиынға соғады, себебі олардың асқазаны бір камералы және көлемі 190-200 мл. құрайды. Ал асқорытуға қатысатын бездердің бірі ұйқы безі.
Ұйқы безі (pancreas) – бауырдан кейінгі екінші үлкен без. Ұйқы безі – бұл екі бағытты функциясы бар экзокриндік және эндокриндік, яғни экстрамуральды ас қорыту безі деп те атауға болады. Экзокринді жасушалар липополимерлерді (липаза), ақуыздарды (трипсин, эрепсин, протеазалар), көмірсуларды (амилаза) мономерлерге ыдырататын ас қорыту ферменттері бар сөл шығарады, олар қан мен лимфаға сіңеді. Осы ас қорыту сөлі негізгі үш шығарушы түтіктер арқылы он екі елі ішекке өтеді.
Қоян етінің сапасы оның құндылығымен, керемет дәмімен, пайдалы және қоректік заттардың құрамымен және қоян бауырының диеталық өнім ретінде де танылған. Оның калория мөлшері өнімнің 100 граммы 165 ккал-дан аспайды, яғни 100 грамм қоян бауыр-ының құрамында 19 грамм ақуыз, барлық 10 грамм май болады. Ал көмірсулар мүлдем жоқ.

ЖЫЛҚЫ АЛФОРТИОЗЫНДАҒЫ ПАТОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

Қазақстан Республикасында жылқы шаруашылығы жалпы ауылшаруашылық өндіріс-інің және оның ішінде мал шаруашылығының бір бөлімі болып табылады. Соңғы 10-15 жылда ауылшаруашылық жүйесінің өзгеруімен Республиканың көптеген жекелеген шаруа-шылықтарында жылқы өсіріле бастады. Мақалада альфортиозбен ауырған жылқылардың ішкі мүшелерімен ұлпаларында дамыған патоморфологиялық өзгерістер сипатталған. Альфортиозбен жайылымда ауырған 12 жылқы зерттелген. Ауруға диагноз анамнездік деректерді талдау, патоморфологиялық зерттеу нәтижелері негізінде кешенді қойылды. Зерттелген жылқы өлекселерінің ішкі бүйірінің диффузды қызарған және ісінген бетінде қара қоңыр түсті дақты гематомалар мен абсцесстер орналасқаны анықталды. Гематомалар бүйірдің ішкі вентральды және дорсальды бөлімдерінде орналасты. Гематомалар орналасқан жердің сірлі қабығының астында қызыл және сұр түсті ирелеңдеген паразит личинкалары көрінеді. Личинкалар тоқ ішектің сірлі қабығы астында және ішек қабырғасында орналасқаны анықталды. Паренхималық мүшелерде патанатомиялық өзгерістер қан айнал-ымының бұзылуымен және дистрофиялық өзгерістердің дамуымен сипатталды. Гистологиялық тоқ ішектің кілегейлі қабығының домбығуы, ал ішектің терең қабаттарында лимфоциттік және эозинофилдік диффузды инфильтрация байқалды.

«КОСТОПРАВ» ПРЕМИКСТІҢ БРОЙЛЕР БАЛАПАНДАРЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ

Мақалада «Костоправ» премикстің бройлер тауықтарының өнімділігіне әсерін зерттеуге байланысты нәтижелері келтірілген. Зерттеу нәтижелері бойынша бұл премиксті құрама жем құрамында қолдану жас ет құс етінің өсуіне және дамуына оң әсер еткені анықталды. Осылайша, 2-ші тәжірибелі топтың бройлер тауықтары аналогтармен салыстырғанда өсірудің жақсы нәтижелерін көрсетті. Дененің ішкі резервтерін ынталандыру 2-ші тәжірибелік топтың бройлер тауықтарының тірі массасын сәйкесінше 1-ші және 3-ші топтармен салыстырғанда 8,9-32,0%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Орташа тәуліктік өсу бойынша тәжірибелік топтың балапандары басқа топтардың баламаларынан сәйкесінше 9,2 және 17,5%-ға асып түсті. 2-ші тәжірибелік топтағы тірі салмақтың 1 кг өсуіне арналған жем шығыны 1,81 кг құрады, бұл 1-ші бақылау тобына қарағанда 3,7%-ға аз. Осылайша, бройлер тауықтарының рационына 1 центнер құрама жемге 1,25 кг көлемінде «Костоправ» премиксін қосу өнімділіктің артуына, құс басының сақталуына және өнім бірлігін алуға арналған жемшөп шығындарының төмендеуіне әкеледі. Ет сапасы, ұшалардың сұрыптылығы, сондай - ақ бройлер тауықтары етінің химиялық және минералды құрамы бойынша қолданыстағы стандарттың талаптарына сәйкес келді.

«БАЙПАС» РЕТТЕГІШ КЕШЕНІНІҢ БРОЙЛЕР БАЛАПАНДАРЫНЫҢ РАЦИОНЫНА ЕНГІЗУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ»

Сақталуын арттыру, жем сапасын жақсарту, күнделікті азықтандыру, құстарды ұстау жағдайларын оңтайландыру сияқты факторлармен қатар әртүрлі жемшөп қоспалары кеңінен қолданылады. Мұндай қоспалардың әсері олардың ас қорыту процестерінің қарқынды-лығына және азықтың қоректік заттарын пайдалануға реттеуші әсеріне байланысты, бұл осы процестерді мақсатты басқаруға мүмкіндік береді. Мақалада өсу және даму кезеңдері бойынша бройлер-балапандарын азықтандыруда «Байпас» реттеуші кешенін пайдалану кезіндегі зерттеу нәтижелері келтірілген. «Байпас» реттеуші кешені энергия алмасуын қалыпқа келтіреді (үшкарбон қышқылдарының цикліне қатысатын органикалық қышқылдар жиынтығы), бауырдың қызметін белсендіреді (гепатопротектор, флавоноидтар), ішектің жұмысын ынталандырады (пробиотикалық компоненттер) ферментативті белсенділікті (дәрумендерді) арттырады және құс ағзасын аминқышқылдарының кешенімен байытады. Бірқатар зерттеулер «Байпас» ағзадағы жасанды амин қышқылдарының, әсіресе метиониннің функцияларын тамаша алмастыратыны анықталды. Метаболикалық бұзылыстарды жою кезінде құстардағы зат алмасуды жақсартуға көмектеседі, бұл өнімділік кезеңінің ұзаруына және нормативтік көрсеткіштердің жоғарылауына әкеледі. Зерттеулер нәтижесінде бұл кешеннің құрама жемде болуы құстың өміршеңдігі мен өсу және даму динамикасына оң әсер ететіні атап өтілді. Стандартты амин қышқылдарын «Байпас» реттегіш кешеніне (3-ші топ) ауыстыру «Росс-308» кроссы бройлер балапандарының генетикалық әлеуетін ашуға және өнімділік бойынша максималды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, АГРОХИМИЯ, АЗЫҚ ӨНДІРУ, АГРОЭКОЛОГИЯ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ (TILLETIA CARIES (D.C.) TUL. & C. TUL) ПОПУЛЯЦИЯСЫНА ВЕНГРИЯЛЫҚ БИДАЙ ЛИНИЯЛАРЫНЫҢ ТӨЗІМДІЛІГІ

Қатты қаракүйе ауруы (Tilletia caries (DC.) Tul.) күздік бидайдың кең таралған ауруы. Ол әлемнің бидай өсіретін барлық аймақтарында кездеседі. Эпифитотия жылдары бидай өнімінің азаюы мен сапасының нашарлауына алып келеді. Жасанды індет аясында Алматы облысының Tilletia caries (D.C.) Tul. & C. Tul патогеніне венгриялық 21 бидай сорттарының төзімділігі сыналды. Зерттеу жұмысының барысында мақсатқа жету үшін бірнеше әдістер қолданылды. Олар: Tilletia caries (D.C.) Tul. & C. Tul патогенімен бидайды инокуляциялауда А.И. Борггардта-Анпилогованың әдісі қолданылды, Green Seeker (Trimble Navigation Limited, USA) – аппараты арқылы өсімдіктің биомассасының индексі өлшенді (NDVI – Normalized Difference Vegetative Index). Үлгілерді Tilletia caries (D.C.) Tul. & C. Tul қоздырғышымен залалдануын бағалауда М. Қойшыбаев шкаласы қолданылды. Зерттеу нәтижесінде ауруға жоғары төзімді деп 7 бидай сорты ерекшеленді. Олар: Békés, Szemes, Rege, Rába, Ati, Pilis және Vitorlás. Индекс биомасса көрсеткішін (NDVI) есептеу нəтижесінде 6 генотиптің NDVI көрсеткіші жоғары деп табылды. Құрылымдық белгілеріне талдау нəтижесінде Pilis, Rege және Rába сорттары төрт бірдей белгілері бойынша жоғары көрсеткіш көрсетті. Ерте масақтануымен 4 бидай сорты ерекшеленді. Бұл сорттарды селекция бағдарламасына қатты қаракүйе ауруына төзімді үлгі ретінде ұсынуға болады.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАСЫМЫҚ КОЛЛЕКЦИЯСЫНЫҢ СКРИНИНГІ

Мақалада Алматы облысының жартылай қамтамасыз етілген богара және суару жағдайында жасымықтың коллекциялық үлгілерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Жасы-мықтың даму кезеңдері мен өнімділігі туралы мәліметтер келтірілген. Жартылай қамтамасыз етілген богара жағдайында және суармалы аймақ жағдайында жасымық үлгілерінің өнімділік элементтері және өнімділігі бойынша іріктелінді.

ҚАЙТА ӨҢДЕУГЕ ЖАРАМДЫ КАРТОПТЫҢ СОРТ ҮЛГІЛЕРІН БАҒАЛАУ

Қазіргі жағдайда ауылшаруашылық өнімдеріне сұраныс оның өңделген түрдегі маңызды құндылығы, сондай-ақ халықтың барлық топтары үшін қол жетімділік болып табылады.

Биохимиялық компоненттер-құрғақ заттар мен крахмалдың мөлшері өте маңызды, олар өңделген өнімнің сапасын анықтайды. Бұл бағытта селекциялық жұмыстар жүргізілді және өнімнің сапасын анықтайтын құнды биохимиялық компоненттері бар сұрыптар таңдалды. Картоптың сусымалылығы крахмалды құрайтын амилаза мен амилопектиннің қатынасына байланысты. Сонымен қатар, картоптың сусымалылығы мен жақсы дәмі үлкен крахмал дәндерінің болуымен анықталады. Қайнатылған картоптың күңгірттенуі-аминқышқылдарының қант пен хлорген қышқылының құрамында темір бар қосылыстармен әрекеттесуінен туындаған ферментативті емес қызару. Эксперименттік жұмыстың нәтижесінде чипсилерді өңдеуге арналған көрсеткіштер кешені бойынша сұрыптық үлгілер бөлініп алынды: Федор (8,9 балл), Мақсат (8,8 балл), Эдем (8,6 балл), сенім (8,4 балл).

Крахмал алу процесі негізінен көп мөлшерде суды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мұнда мөлшеріне байланысты крахмал дәндерінің тұндыру жылдамдығы маңызды рөл атқарады. Ірі крахмал дәндері өндіріс процесінде шығаруды азайтады, крахмал шығымдылығын арттырады.

ЗӘЙТҮН АҒАШЫН (OLEA EUROPAEA) ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА БЕЙІМДЕУ ЖӘНЕ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Бұл зерттеу жұмысында бүгінгі таңда үлкен сұранысқа ие, жоғары сапалы өсімдік майын өндіруге субтропикалық мәңгі жысыл өсімдік – зәйтүн ағашын өсіру көзделген. Аймақтың жағдайына ағаштың бейімделуі мен жерсінуіне ғылыми-тәжірибелік қызығу-шылық танылып, зерттеу жұмысының басым бағыты болып табылды. Мақалада, Қазақстанның оңтүстігіндегі егістік жерге алғаш рет Еуропалық зәйтүн ағашының (Olea europaea L.) -12 -140С суыққа төзімді Италия мемлекетінің Лесщино, (Leccino) және Пронтоио (Frontoio) екі жылдық сорттары, Түркия мемлекетінен климаттық өзгеріске төзімді Арвелина (Arvelina) бір жылдық сорты әкелініп, экзотаны өсіру технологиясы қарастырылған. «Olives» ЖШС жылыжай кешенінде - 586 дана және далалы жағдайда - 14 дана еуропалық зәйтүн ағаштары отырғызылды. Оның 31 данасы түрлі абиотиалық және биотиалық себептер, атап айтқанда суық пен аяз кезеңнің ұзақтығы әсерінен тіршілік қабілетін жойды. Қыстан шыққан жалпы ағаштар саны 408 дана, оның ішінде 102 данасының бір жылдық бұталардың ұштары 5-8 см үсік шалды. Жердің үстіңгі қабатының барлық бұталарын үсік шалып тамыр мойнынан қайта жаңа сабақтар түзілген ағаштар саны 206 дананы құрады. Италия елінен әкелінген ағаштардың екі сорты Лесщино, Фронтоио екі жылдық көшеттері біздің аймақтың жағдайына бейімделуге қабілетті екендігі, ал Түрия мемлекетінен әкелінген Арвелино көшеттік сорты бейімделуге бәсеңдеу екенін анықталды. Берілген тыңайтқыш мөлшерлеріне байланысты күрделі қоспалармен дайындалған 20-20-20 минералды тыңайтқыштарды сумен араластырып енгізу нұсқасы және күрделі қоспалармен дайындалған 20-20-20 минералды тыңайтқышын, гуматпен араластырып енгізген нұсқадағы экзоталардың сабақтарының саны мен жапырақтарының түзілуі басқа нұсқаларға қарағанда жоғары болғандығы анықталды.

СУ, ЖЕР ЖӘНЕ ОРМАН РЕСУРСТАРЫ

ФУЗАРИУМ ПАТОГЕНІ FUSARIUM ТӘРІЗДІ ТӨЗІМДІ ТҰҚЫМ АЛУ ҮШІН ҚИЯР ӨСКІНІН (ЛАТ. CUCUMIS SATIVUS) АСҚАБАҚ (ЛАТ. CUCURBITA) БҮЙІРІНЕ ТЕЛУ ӘДІСІ

Қияр буданына асқабақтың 5 сортын телу бүйірлік кесу әдісі бойынша жүргізілді.
Тамыр сабағы ретінде келесі асқабақтың сорттары пайдаланылды: отандық - Афродита, Карина, Миндальная, Мозолеевская 10 және Ресей селекциясы - Стофунтовая; қорғалған топырақ жағдайында өсіруге арналған қиярдың F1 Асылым буданы. Зерттеу тақырыбы Fusarium охуѕроrum қоздырғышына төзімді асқабақтың тамыр сабағының қорғалатын жер жағдайында және селекциялық жылыжайда көктемгі-жазғы айналымда отырғызылған F1 Асылым қияр буданы өнімділігіне әсерін зерттеуге арналған. Fusarium охуѕроrum қоздыр-ғышына төзімді тамыр ретінде одан әрі жұмыс істеу үшін Мозолеевская 10, Стофунтовая және Карина сорттары ерекшеленді. Асқабақтың әр түрлі отандық сорттарына егудің қияр буданының фенологиялық өсуіне, дамуына, шығымдылығына және қияр буданы жемісте-рінің сапасына өнімділігіне әсерін зерттеу нәтижелері асқабаққа қияр егу кезінде Карина мен Стофунтовая асқабақтың сорттары негізгі стандартпен салыстырғанда ең жақсы нұсқалар екенін көрсетті яғни, ерте түсімділік бойынша көрсеткіштер стандарттан 3,46 және 3,39 кг/м2 шегінде тиісінше 36,7% және 33,9%-ға асып түсті. Асқабақтың Карина және Стофунта сорттарына егудің жалпы өнімділігі өзіндік стандарттан 42,38% және 36,68% асты.

ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ӨСІРІЛГЕН ЖҮГЕРІ БУДАНДАРЫНЫҢ ӨСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бұл мақалада, еліміздің оңтүстік-шығыс аймағы жағдайында тамшылатып суғару технологиясымен өсірілген жүгері будандарының өсіп-даму ерекшеліктері қарастырылған. Вегетациялық кезеңінде тәжірибе нұсқалары бойынша топырақтағы қоректену элемент-терінің құрамының өзгеруі, тамшылатып суғару жағдайында әртүрлі биологиялық тыңайт-қыштармен өсірілген жүгері будандарының биомассалық салмақтары, будандардың құрыл-ымдық талдауы, фотосинтетикалық қасиеттері мен дәндік жүгері будандарының дәнінің ылғалдылығы және өнімділігі зерттелген. Жүгерінің вегетациялық кезеңі бойынша орташа тәуліктік температура 3160,7°С құрады. Орташа кеш пісетін жүгері буданының Порумбень 458 вегетациялық кезеңде күн энергиясы 1485 МДж/м2 дейін келіп түсті. Нәтижесінде, 151,62 ц/га құрғақ биомассаның жинақталуына әсерін тигізді. Франциялық LG 305.00 буданының вегетациялық кезеңінің ұзақ болуына байланысты күн радиациясының түсуі ең жоғары 1576 МДж/м2 болып 248,76 ц/га құрғақ биологиялық массаны қалыптастыруға мүмкіндік берді. Жүгері егістігінде топырақта жеңіл гидролизденетін азоттың құрамын анықтау оның мөлшері ерте көктемнен бастап вегетацияның ортасына қарай 52 мг/кг-нан 68 мг/кг-ға дейін көтерілгенін және жинауға 59 мг/кг-ға дейін төмендегенін көрсетті. Демек, Вегетация кезінде жеңіл гидролизденетін азот - 52-68 мг/кг, жылжымалы фосфор – 47-57 мг/кг, алмасатын калий-313-386 мг/кг болғанда оңтайлы деп есептеледі, өйткені қоректендіру элементтерінің осындай көрсеткіштері кезінде көрсетілген өнімділік – 9,0-12,9 т/га құрады.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА КҮРІШТІҢ ЗИЯНКЕСТЕРІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ЗИЯНДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОЛАРМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ

Мақалада 2020 жылы Қызылорда облысы жағдайында күріштің зиянкестерінің кең таралуы зерттелген. Соған байланысты облыстағы кездесетін күріш зиянкестерінің түр құрамы мен зақымдау қарқындылығына баға беру шкаласы және де ауыспалы егіс туралы мәліметтер келтірілді. Қазақстанда Қызылорда облысы ірі күріш алқаптарының біріне жатады. Жалпы облыс территориясында вегетация кезінде +10°С-тан жоғары болатын температураның жинағы 3700-4100°С аралығында болады. Оның өсу процесіндегі көптеген өзгерістер ауаның, топырақ пен егістегі судың температурасына байланысты болады. Температура жоғарылаған сайын күріштің өсу қарқыны шапшаңдайды, даму кезеңдерінің арақашықтығы қысқарады, сөйтіп күріштің бүкіл өсіп жетілу мерзімі тездетіле түседі. Сондықтан да жылу қоры белгілі бір жердің күріш егу үшін қаншалықты қолайлы екендігін анықтайды. Ондағы температуралық жағдайларға сүйене отырып, келешектегі күріштің сапасы мен өнімін алдын-ала болжауға да болады. Қызылорда облысында күріш дақылының Маржан, Авангард, Солнечный, Үштөбе және Кубань сорттары кеңінен етек алған. Жыл сайын күріш егіс көлемдері өсуде, ол дақылға тұзды жерлерді қолдануға мәжбүр болады. Күріш алқаптарында су режімді бұзылудан, күріш егісінде жүретін кейбір агротехникалық шаралардың элементтері дұрыс өтпейді, осының нәтижесінен өнім 35-70% төмендейді, ал зиянкестер мен аурулардан келген шығын 15%-дан 30% жетеді. Күріш тұқымын Юнта, к.с. -1,5 л/т және 1,75 л/т (инсектицид) өңдеуішпен өңдеудің әсерінен жаға шыбынның 20 күн өткен соң өлгені 55,6-63,6%, күріш масасына биологиялық тиімділіктер – 57,0-63,0%; бұл көрсеткіштер Рич 350 к.с.- 1,0 л/га (эталон) нұсқасында қарағанда жоғары.

ТАБИҒИ КАУЧУК КӨЗІ КӨК-САГЫЗ БАҚБАҒЫНЫҢ (TARAXACUM KOK-SAGHYZ RODIN) ЭСПЕРИМЕНТТІ АЛҚАП ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ӨНІМДІ ЖӘНЕ ЕРТЕ ЖЕТІЛЕТІН ФОРМАЛАРЫН ІРІКТЕУ

Әлемдегі өнеркәсіп өндірісінде табиғи каучук сұранысы зор және ұлғайып келеді. Табиғи каучук – резеңке өнеркәсібінде маңызды шикізат, аяқ киім, киім, хирургиялық қолғап, ұщақтардың шиналары мен автошина және басқа да бұйым өндіруде қолданылады. Әлем нарығының каучук көзі Оңтүстік-Шығыс Азияның тропик белдеуінде өсетін тропикалық гивея ағашының плантациялары (Hevea brasiliensis L.) болып табылады. Алайда, әлем нарығында табиғи каучуктың сұранысы мен оның жеткізіліміне байланысты жоғары сапалы табиғи каучук көзі – қазақстандық бақбақ көк-сағыз (Taraxacum kok-saghyz Rodin) қосымша дақыл ретінде енгізілуі жалпыға мәлім. Тропикалық гивея өсе алмайтын қоңыржай климаты белдеуінде көк-сағызды дақыл ретінде енгізуге болады. Қазақстанның Оңтүстігі мен Оңтүстік-Шығысында аумақтарында егіп және тамыр мен каучук өнімін бірінші жылы жинап алу үшін ерте жетілетін көк-сағыздың сұрыбы Қазақстанға қажет. Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институтымен (Алматы) шығарылған жасанды экологиялық икемді популяциясы ерте жетілетін көк-сағыз сұрыбын жасау үшін бастапқы материал бола алады. Осылайша, 2019 жылы экспериментті алқап жағдайда ең ірі тамырлар (30-дан 41,4 граммға дейін) және каучуктың жоғарғы мөлшері (құрғақ тамыр салмағы есебінде 22.4%-ға дейін) көк-сағыз үлгілерінің 514 егілген өсімдіктерінен 105 өсімдік іріктеп алынды.

ЖЕМІС ЖӘНЕ КӨКӨНІС САЛАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ШАРУАШЫЛЫҚ ФОРМАЛАРЫНЫҢ ЖЕР ПАЙДАЛАНУЛАРЫН БАҒАЛАУ

Мақалада жеміс-көкөніс өсіру салаларында жерді пайдалануды зерттеу нәтижелері келтірілген. Оңтүстік Қазақстан аймақтары тұрғысынан шаруашылықтардың санаттары бойынша жеміс өсіруде жерді пайдалану құрылымына талдау жасалды, жеміс өсіру мен көкөніс өсіру өнеркәсібінің тиімділігінің есептік деңгейі жалпы және тауарлық өнім тұрғысынан анықталды. Алматы облысының Еңбекшіқазақ аймағында жемістер өсірудің интенсивті технологиясының әдісі, сонымен қатар инновациялық технологиялардың, әсіресе тамшылатып суару жүйесінің артықшылықтары қарастырылған.

АЛМАТЫ ХАЙУАНАТТАР БАҒЫНДА МЕКЕН ЕТЕТІН АҚБӨКЕНДЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КҮТІП БАҒУДАҒЫ МІНЕЗ ҚҰЛҚЫНЫҢ ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІ

Мақалада Алматы хайуанаттар бағында мекен ететін ақбөкендердің бетпақдала және орал популяцияларында мекен ететін түршелері, биологиялық еркешеліктері, таралу ареалы, ғылымдағы жүйеленуі, елімізде мекендейтін ақбөкендердің таралуы, әлемдегі хайуанаттар бағындағы ақбөкендердің өсуі және оларды өсіруде туындайтын мәселелерді шешу туралы мәліметтер келтірілген. Ақбөкендерді қолда өсірудің жолдары, мінез құлқының ортаға бейімделуі, азықтандыру ерекшеліктері, мінез-құлықтағы өзгешеліктері жан-жақты қарастырылған. Алматы хайуанаттар бағының құрылу кезеңдері, ERAZA, WAZA, SEAZA сияқты зообақтар мен аквариумдардың әлемдік ассоциациясына мүше екендігіне тоқталған. Жануарлардың мінез-құлқын зерттеудің негізгі тәсілдерін хайуанаттар бағында үздіксіз қолдана отырып тұрақты зерттеу жұмыстарын жүргізілетіне, соның ішінде тұяқтылардың мінез құлқын басқарудың жаңа әдістемелері қалыптасқанын келтірген. Алматы хайуанаттар бағында тұрақты түрде өсіп өніп келе жатқан ақбөкендердің мінез құлқына жан-жақты тоқталып соның ішінде көбею кезіндегі аталықпен аналықтың іс-әрекеттеріне тоқталып, иіс сезудің ақбөкеннің өміріндегі маңызына, өзара дыбыстауы, демалу яғни ұйықтаудың өмірдегі алатын орны, шудың алатын орны, жалпы ақбөкендердің мінез-құлқының өзгерістерге ұшырағанын, олардың адамнан қорғану рефлексі өзгергенің, адам жақындауына назар аудармайтын қарастырған. Ақбөкендерді өсірудегі қоршаудың басты талаптарына көбірек зерттеу жүргізетін хайуанаттар бағының қызметкерлерінің зерттеулеріне тоқталған.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕХАНИКАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРЛЕНДІРУ

СҮРЛЕМ ЖИНАЙТЫН КОМБАЙННАН ҰСАҚТАЛҒАН МАССАНЫ ҚАБЫЛДАУ ҮШІН КӨЛІК ҚҰРАЛЫН (КОНТЕЙНЕР ТАСЫҒЫШТЫ) ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ СҮРЛЕМ МАССАСЫН ВАКУУМДАУ РЕЖИМДЕРІН ЗЕРТТЕУ

Мақалада жылжымалы трактор агрегатындағы шаруашылық жағдайында сүрлемді
вакуумдаудың ерекшеліктері көрсетілген. Траншеяда, мұнарада және шұңқырларда сүр-
лемдеу сияқты дәстүрлі сүрлемдеудің негізгі кемшіліктері, сондай-ақ жұмсақ контейнерде
шектеулі көлемде вакуумды сүрлемдеудің артықшылығы ұсынылған. Вакуумдалатын
жұмсақ контейнерлерде сүрлемді даярлау үшін жылжымалы агрегатты пайдалану неғұрлым
қолайлы болып табылады, ол комбайнан шабылып түсетін сүрлемді шектеулі көлемде
жұмсақ вакуумдалған контейнерлерде жасауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыста дала
жағдайында жұмсақ контейнерлерде сүрлем дайындауға арналған 2 ПТС-6 трактор тіркемесі
базасындағы жылжымалы агрегат қарастырылады. Қарастырылып отырған жылжымалы
қондырғы стандартты жабдықтан және жылжымалы платформа түрінде жасалған
құрылғыдан тұрады. Вакуумдалған сүрлем массасын шектеулі көлемде сақтау арқылы
жоғалту бойынша нөлдік көрсеткіштерге және сүрлем массасын кез келген көлемде
тасымалдау мәселелерін шешуде қол жеткізе аламыз. Қазіргі таңда осы мақсатты жүзеге
асыруға арналған техникалық құралдар жоқ. Сондықтан, бұл жұмыстың мақсаты - сүрлем
массасының шектеулі көлемін вакуумдау үшін қажетті техникалық құралдармен жабдық-
талған трактор көлік қондырғысын дамыту. Бұл көлік құралын пайдалану мал шаруашылығы
кәсіпорны үшін тиімді, өйткені сүрлем массасы вакууммен тығыздалады (механикалық
жолмен емес) және құралдар оңай демонтаждалады.

АГРАРЛЫҚ-ӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН ЭКОНОМИКАСЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚ ҚАРАШІРІГІ КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ КЛИМАТ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ТӘУЕЛДІЛІГІН БАҒАЛАУ

Мақалада суармалы аймақтардың экологиялық және мелиорациялық жағдайын ескере отырып, егіншілік жүйесіндегі құнарлылықты арттыру мәселелері және топырақ құнарлылығын жаңғырту модельдерін оңтайландыру әдістері қарастырылған. Жоғарыда келтірілген материалдарды талдаудан өсімдіктердің әсерінен микроорганизмдердің саны мен сапалық құрамы, демек, олар қатысатын процестердің қарқындылығы өзгеретіні анықталды. Топырақтағы мұндай өзгерістер өсімдіктер мен микроорганизмдердің өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып табылады, олар дақылдардың даму дәрежесі мен тамақтануын анықтайды. Осыған байланысты ризосфераның микрофлорасын оның дамуы мен құрамына, өсімдіктердің тамақтануын жақсартуға және белгілі бір аймақтың энергетикалық ресурстарын ескере отырып, жоғары өнім алуға жағымды әсер ететін әдістерді жасау үшін зерттеу қажет деп санаймыз.
Зерттеулер әртүрлі және күрделі физика-химиялық процестер нәтижесінде пайда болған қарашіріктің құрамы тәжірибелік аймақтың топырағының су-физикалық және химиялық қасиеттерін жақсартуға ықпал еткенін анықтады. Зерттелген дақылдар егістік қабатындағы қарашірік құрамын 1,43-тен 1,75% - ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Егістік қабатында жалпы азот 0,088 - 0,112, фосфор 0,110 - 0,153% құрады.
Зерттеулер көрсеткендей, табиғи ортаның қалыптасу құрылымы топырақтың гумустың қалыптасу деңгейі (Mr), бұл топырақ түзілу процесіне әсер ететін факторлардың ең көп саны ландшафттық провинциялар мен географиялық аудандар деңгейіне шоғырланғанын көрсетеді.:
МР= (0,42 Rн + 0,15 ß +0,09 SN + 0,09 Тв + 0,08 WВ + 0,04 Vв+0,04 Ос + 0,03 Мор+0,03 һгр) * 0,1 μ;