Аңдатпа
Зерттеу нәтижесінде Сайдулдин реакциясындағы конглютиндеуші қан сарысуын ешкі сүтімен әрекеттестіру арқылы белсенділігін анықтап, бірыңғай бруцеллез антигенінің 1,2 АБ тең езінділерін пайдаланып, ешкі сүтін бруцеллезге балау жүргізілді. Сүтті тексеру нәтижесі бекітілген бруцеллезге қан сарысуын тексеру әдістерімен салыстырылды. РБС және КБР бойынша барлық ешкінің қан сарысуынан оң нәтиже берген сынамалардың саны 14, ал СР-да бұл нәтижелер расталып, қосымша 6 сынамадан оң нәтиже алынды. Сүтті СР-да тексергенде жалпы 12 сынама бруцеллезге оң нәтиже берді. Бұл нәтижелер қан сарысуын тексерген әдістерде расталды. Статистикалық өңдеу нәтижесінде КБР-ғы антидененің орташа титрі 1:16 (+15,7%; -13,5%), қан сарысуымен СР-да 1: 46 (+26,6%; -21,1%), ал сүтпен СР-да 1:16 (+15,7%; -13,5%) болды. КБР-ғы және сүтпен СР-ғы антидененің орташа титрлерінің айырмашылығы статистикалық дәлелсіз, қан сарысуымен СР-ғы антидененің орташа титрі жоғарыда айтылған екі тесттің көрсеткішінен үш еседей артық. Зерттеу барысында ұсынып отырған ешкі сүттін Сайдулдин реакциясында бруцеллезге балау әдісі, диагностикалық сезімталдығы жағынан қолданыстағы қан сарысуын тексеруге арналған РБС және КБР-мен бірдей, ал СР-дан төмен екендігі дәлелденді.
Зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, ешкіден қан сарысуын алмай, тек сүтін Сайдулдин реакциясында бруцеллез антигенін және конглютиндеуші қан сарысуын қолданып, бруцеллезге телімді антиденені гемолизинмен сенсибилизацияланған қой эритроцитінің конглютинациялануына байланысты анықтауға болады.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1. Aida Daugaliyeva, Saule Daugaliyeva, Aspen Abutalip, Akmaral Adambayeva, Nazerke Kydyr, Simone Peletto. Study of epidemiological and molecular characteristics of Brucella strains circulating in Kazakhstan. // Almaty, Kazakhstan, Scopus Preview, ID: 57194565749 2025 Apr 1;49(3):156. doi: 10.1007/s11259-025-10725-9.
- 2. Gulmira Tulepova, Edil Makhashov, Loukia Ekateriniadou, Nurzhan Nurkhojayev, Sagypash Sadiev. Developing a Nano Platform for Bovine Brucellosis Diagnostic Product // Том 11, № 2 (2024) // DOI:10.62940/als.v11i2.3191
- 3. Taipova A. A., Beishova I.S., Otarbayev B.K., Alikhanov K. D., Ulyanov V. A., Monitoring of the epizootic situation on animal brucellosis in the republic of Kazakhstan // Scientific and practical journal of Zhangir Khan West Kazakhstan Agrarian-Technical University №2-2(71)2023. - P.160-168. DOI 10.56339/2305-9397-2023-2-2-161-169,
- https://nauka.wkau.kz/index.php/gbj/issue/view/65/248
- 4. А.М. Аскаров, Ж.М. Бекшин, К.У. Кундашев, Г.Н. Бисенова, А.Ж. Темирханов, З.С. Сармурзина. Бруцеллез - анализ по эпидемиологической и эпизоотологической ситуации в мире и Республике Казахстан // Microbiology and virology №3 (46) 2024 doi:10.53729/MV-AS.2024.03.01
- 5. Сайдулдин Т. Реакция связывания конглютинирующего комплекса // Исследования и результаты «Актуальные вопросы диагностики болезней животных» Материалы второй международной конференции. КазНАУ, Алматы, 2005. – С.223-228.
- 6. Ilgekbayeva G.D., Saiduldin T. Diagnosis of Trypanosomes Infection in Camels by Detection of Immune Complexes// Proceedings of the NTTAT Group meeting, Paris, France, 26 May 2013, 72 pages - Discussion p. 42 ; Summary , ANNEX XIV p. 57.
- 7. Отарбаев Б.К., Ғалымжан И.Н., //Диагностика бруцеллеза крупного рогатого скота с современными серологическими реакциями // Proceedings of the 3th International Scientific and Practical Conference Scientific community: interdisciplinary research. Hamburg, germany 16-18.03.2021. № 45 | March, 2021. - C. 382-387
- 8. Шыныбаев Қ.М., Отарбаев Б.К., Саттарова Р.С., Бакиева Ф.А., Ілімбаева А.Қ. Қойдың бруцеллезі кезінде Сайдулдин реакциясының салыстырмалы нəтижелер. ҚР ҰҒА академигі, ветеринария ғылымының докторы, профессор Cайдулдин Тлеубердінің 80 жылдығына арналған «Қазақстан республикасында ветеринария және мал шаруашылығының жағдайы және даму болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның мақалалар жинағы. Алматы, 15-16 наурыз 2023, - Б 178-183
- 9. Отарбаев Б.К., Нурманбетов Т. Сиыр сүтімен Сайдулдин реакциясында бруцеллезді балау //Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының хабаршысы. Алматы, 2017. №2– Б 31-33.
- 10. Сайдулдин Т. Основы серологии. – Алматы, 2016, С. 211-216.
- 11. М.А.Садыканова, Е.И.Касымов, Г.Д.Ильгекбаева, Б.К.Отарбаев, Н.Болатбекұлы, Ешкі сүтін бруцеллезге балау үшін Сайдулдин реакциясының компоненттерімен үйлесімділігін зерттеу //Қазақ ветеринария ғылымына 120 жыл: биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жетістіктер мен жаңа міндеттер, Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, Алматы 2025, Б. 475-479.