⚙️ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСЫП ШЫҒАРУ ЖӨНІНДЕГІ БАСШЫЛЫҚ
Ғылыми рецензияланатын журналды қалыптастыру және басып шығару бойынша жалпы басшылықты Университет жүзеге асырады.
Редакциялық алқа журналда ғылыми мақалаларды жариялау шарттарын реттейді, жариялау үшін материалдарды ұсыну ережелерін белгілейді.
Редакциялық алқаның құрамына Қазақстаннан және кемінде бес шет мемлекеттен (мысалы, Германия, Түркия, Польша, Қытай, Ресей және т.б.) танылған ғалымдар кіреді, олар ғылыми жарияланымдық қызметте айтарлықтай тәжірибеге ие және Web of Science немесе Scopus халықаралық деректер базаларында журналдың тақырыптық бағыты бойынша Хирш индексі кемінде 5 (бес) болатын индекстелетін жарияланымдары бар. Редакциялық алқаның құрамы журналдың сайтында тұрақты негізде қолжетімді.
Ғылыми журналда магистранттардың, докторанттардың, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының және басқа да білім беру және ғылыми-зерттеу мекемелерінің, Қазақстан Республикасының және басқа елдердің ғылыми бағыты бойынша мемлекеттік органдары мен ведомстволарының іргелі ғылыми зерттеулерінің, қолданбалы ғылыми зерттеулерінің, эксперименттік әзірлемелерінің нәтижелері көрсетіледі.
Редакциялық кеңес мақалаларды мәлімделген ғылыми бағытқа, ғылыми журнал мақалаларына қойылатын талаптарға және оларды ресімдеуге сәйкестігін талдау және бағалау үшін рецензенттер тізімін қалыптастырады. Редакциялық кеңес ұсынылған материалдарды, егер олар белгіленген талаптарға және материалды редакцияға ұсыну ережелеріне сәйкес келмесе, кері қайтара алады.
Редакциялық кеңес нөмірлерді шығару мәселелерін шешеді, авторлармен жұмыс жүргізеді.
Редакциялық кеңестің құрамына журналдың бейіні бойынша ғылыми және білім беру қызметін жүргізетін, құрылымдық бөлімшелерде жұмыс істейтін Университет қызметкерлері (оның ішінде қоса атқарушы қызметкерлер) кіреді. Қажет болған жағдайда Редакциялық кеңестің құрамына Қазақстан Республикасының және басқа елдердің өзге ғылыми және білім беру мекемелерінің қызметкерлері кіруі мүмкін.
Редакциялық алқа мен Редакциялық кеңестің құрамы журналдың бас редакторымен бекітіледі.
Авторлардың, редакциялық алқаның, Редакциялық кеңестің, рецензенттердің өзара іс-қимылы COPE қабылдаған редакциялық этика қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Басылым процесінің барлық қатысушылары академиялық адалдық, плагиаттың, мүдделер қайшылығының және дұрыс емес деректердің жол берілмеуі нормаларын сақтауға міндетті. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, редакция мақаланы кері қайтару немесе одан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰСЫНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Басылымға тек материалдарды жариялауға қойылатын белгіленген ережелерге қатаң сәйкестікте орындалған ғылыми мақалалар қабылданады.
Авторлар жіберген материалдар мен корректуралар қайтарылмайды.
Ғылыми журнал келесі ғылыми бағыттар бойынша мақалаларды жариялайды: техникалық және технологиялық ғылымдар, агрономия, ветеринария, өсімдіктер мен жануарлар биологиясы, ауылшаруашылық ғылымдары, су ресурстары, ауыл шаруашылығының экономикалық және экологиялық мәселелері.
Жариялау туралы шешімді рецензенттердің сараптамалық бағалаулары негізінде журналдың редакциялық алқасы қабылдайды.
Әр нөмірде отандық және шетелдік авторлардың мақалалары жарияланады, бұл ретте басылыммен аффилиирленбеген авторлардың ғылыми мақалалары журнал нөміріндегі жарияланымдар санының кемінде 50% (елу) пайызын құрайды.
Толық үш тілді (ағылшын, қазақ, орыс) метадеректермен (аннотация, кілт сөздер, әдебиеттер тізімі, авторлар туралы мәліметтер) ағылшын тілінде дайындалған мақалаларға басымдық беріледі. Бұл ретте әр нөмірде кемінде бір мақала қазақ тілінде және кемінде бір мақала орыс тілінде жарияланады.
Мақалаларды іріктеу кезінде Scopus немесе Web of Science халықаралық деректер базаларында жарияланымдарды қоса алғанда, ғылыми-жарияланымдық қызметте елеулі тәжірибесі бар, Хирш индексі ≥ 5 болатын шетелдік авторлардың жұмыстарына басымдық беріледі. Қазақстандық ұйымдармен аффилиирленбеген мұндай авторлар үшін жарияланым тегін негізде ұсынылады және басым тәртіппен қаралады.
Редакцияға ұсынылатын мақала журналдың бейініне және тақырыптық бағытына, авторлардың қолжазбаларды ұсыну ережелеріне сәйкес болуы және ашық сипатта болуы тиіс. Шектеу қоятын грифтің болуы материалды ашық жариялаудан бас тартуға негіз болады.
Ғылыми журналда жариялауға арналған мақаланы беру тек электрондық түрде журналдың сайтында (https://journal.kaznaru.edu.kz/index.php/research) барлық мақала және оның авторлары туралы деректерді көрсете отырып, корреспонденция үшін автордың жеке кабинетінде тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.
Қолжазбамен жұмыс істеу сатыларында редакция, корреспонденция үшін автор және рецензенттер арасындағы коммуникация журналдың сайтындағы онлайн платформа арқылы, ерекше жағдайларда – kaznau_statya@kaznaru.edu.kz электрондық поштасы арқылы жүзеге асырылады.
Ғылыми журналдың редакциясы қолжазбаны формальды талаптарға (қолжазбаны ресімдеу) сәйкестігіне қарау кезінде, сондай-ақ плагиатқа тексеру жүйесі арқылы қолжазбадағы өзгертілген мәтіннің бар-жоғын тексереді.
Тек түпнұсқалық мақалалар, яғни плагиатқа қарсы жүйе арқылы тексеру нәтижелері бойынша түпнұсқалығы 70% және одан да көп құрайтын жұмыстар ғана одан әрі рецензиялауға жіберіледі. Егер қолжазба журналда қойылатын ресімдеу талаптарына сәйкес келмесе және плагиатқа тексеру нәтижелері бойынша түпнұсқалық жұмыс болып табылмайтын болса, ол тиісті өзгерістер енгізу және оны редакциялық алқаның қарауына журналдың электрондық платформасы арқылы қайта жіберу үшін авторға қайтарылады.