ГЕРЕФОРД ТҰҚЫМДЫ БҰҚАШЫҚТАРДЫҢ ЕТ ӨНІМДІЛІГІ МЕН СОЙЫС САПАСЫНАКӨБЕЮ ӘДІСІНІҢ ӘСЕРІ
Кіріспе. Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығында қолдан ұрықтандыру – генетикалық жақсартудың ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанда етті тұқымдарды қолдан ұрықтандыру коммерциялық табындардың генетикалық әлеуетін арттыру мақсатында кеңінен қолданылып келеді. Материалдар мен әдістер. Мақалада герефорд тұқымды бұқашықтардың табиғи жолмен және қолдан ұрықтандыру арқылы алынған топтары арасында өнімділік және сою көрсеткіштері салыстырмалы түрде жүргізіледі. Нәтижелер мен талқылау. Ғылыми-зерттеу нәтижелері тірі салмаққа, сояр алдындағы салмаққа, ет өнімділігіне, ұша шығымына, морфологиялық және генетикалық көрсеткіштерге әсер ететін генетикалық және репродуктивтік факторлардың ықпалын көрсетеді. Сонымен қатар бағалау және селекция әдістеріне, сондай-ақ репродуктивтік технологиялар мен ет сапасы көрсеткіштерінің өзара байланысына ерекше назар аударылған. Зерттеу нәтижелері герефорд тұқымды сиырлар мен ұрықтандыру жасындағы қашарларды қолдан ұрықтандыру олардың төлдерінің ет және сою көрсеткішіне оң әсерін дәлелдейді. Сояр алдындағы салмақты арттыру, ұша шығымын және жалпы ет өнімділігін жақсарту – өндіруші бұқаларды дұрыс таңдау және селекциялық бағдарламаларды тиімді қолдану арқылы мүмкін болады. Қорытынды. Генетикалық көрсеткіштер ет бағытындағы маңызды белгілер бойынша жедел генетикалық прогреске қол жеткізу мүмкіндігін дәлелдейді.