Аңдатпа
Алма М9 телітушісі – Батыс Еуропа мен Қазақстанның оңтүстік аймағында бақша шаруашылығы үшін ең перспективті, бірақ in vitro жағдайында қиын көбейтілетін түр. Эксплант ретінде 0,5–2,0 см мөлшеріндегі апикалды және қолтық бүршік сегменттері қолданылды. Микроклондау модификацияланбаған Мурасиге-Скуг (МS) және Woody plant medium (WPM) қоректік орталарына 6-бензиламинопурин (БАП) – 0,5 мг/л; индолил-3-май қышқылы (ИМҚ) және гиббереллин қышқылы (ГҚ) – 0,5 мг/л мөлшерінде қосу арқылы жүргізілді. Сондай-ақ В1 және В6 витаминдері 0,5 мг/л, ал аскорбин қышқылы 1,5 мг/л мөлшерінде қосылды. Ал модификацияланған Мурасиге-Скуг (МS) және Woody plant medium (WPM) қоректік орталарына индолил-3-май қышқылы (ИМҚ) және гиббереллин қышқылы (ГҚ) – 0,01 мг/л; В1 және В6 витаминдері 0,1 мг/л және аскорбин қышқылы 1,0 мг/л концентрациясында болды. Жаңа қоректік орталарға енгізу 4 аптадан кейін жүргізілді. Тәжірбиелер 25–30 экспланттан тұрды және 3 рет қайталанып қоректік ортаға енгізілді.
Ең оңтайлы эксплант түрі – апикалды ұштар болды. Олардың регенерация деңгейі модификацияланбаған Мурасиге-Скуг (МS) және Woody plant medium (WPM) қоректік орталарында 1 және 2 ай көшеттеуден кейін сәйкесінше 40% құрады. Сондай-ақ витаминдердің 0,5 мг/л мөлшері экспланттардың 2–3 аптадан кейін өлуіне алып келді. Микроқалемшелер каллус тінін қалыптастырып, 3–4 ай көшеттеуден кейін некрозға ұшырады. Мурасиге-Скуг модификацияланған ортасында БАП 0,5 мг/л, индолил-3-май қышқылы (ИМҚ) мен гиббереллин қышқылын (ГҚ) – 0,01 мг/л, В1 және В6 витаминдері 0,1 мг/л және аскорбин қышқылы 1,0 мг/л қолдану интенсивті каллус түзілу мәселесін толығымен шешті. Осы ортада 1 ай культивациядан кейін экспланттардың регенерациялық қабілеті басқа орталармен салыстырғанда 40,7%-ға жоғары (65,0−85,0% сәйкесінше) болды. Меристемалық тіннің дифференциациясының тоқтауы және экспланттардың некрозы 3–4 ай культивациядан кейін болды.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1. С.Г. Долгих, Б.Ж. Кабылбекова // Перспективы производства сертифицированного посадочного материала плодовых культур в казахстане // Ізденістер, Нәтижелер –Исследования, Результаты. №2(98) 2023, ISSN 2304-3334, 133-143 стр. DOI: https://doi.org/10.37884/2-2023/13
- 2. Б.Тезекбаева, А. Хасейн, А.Хансеитова, Г. Есенбаева, М. Георгиева, Н. Малахова // Оптимизация условий введения в культуру in vitro и микроклонального размножения растений ежевики (Rubus l.) // Izdenister Natigeler, (3(103), 278–288. DOI: https:// https://doi.org/10.37884/3-2024/31
- 3. R.E. Litz Regeneration of Fruit and Ornamental Trees via Cell and Tissue Culture // Encyclopedia of Applied Plant Sciences / ed. B. Thomas, D.J. Murphy, B.G. Murray. - Amsterdam, 2003. - Vol. 3. 1408-1417 p.
- 4. M. Mirouze, J. Paszkowski / Epigenetic contribution to stress adaptation in plants // Curr Opin Plant Biol.2011. 14(3): 267-274 p. DOI: 10.1016/j.pbi.2011.03.004
- 5. Manpreet S. Mavi , P. Marschner. Adelaide S.A. Impact of salinity on Respiration and Or-ganic Matter Dynamics in Soils is More Closely Related to Osmotic Potential than to Electrical Conductivity // Journal Article. - 2017. – Vol.6. 250 - 254 p. DOI: 10.1016/s1002-0160(17)60418-1
- 6. Murashige T., Skoog F. / A revised medium for rapid growth and bioassays with tobacco tissue cultures / Physiol. Plant, 1962. 15:473-497.
- 7. В. Георгиев, А. Шуман, А. Павлов, Т. Блей / Система временного погружения в био-технологии растений (на английском). Наука о жизни, 2014. 14: 607-621 стр. DOI:10.1002/elsc.201300166
- 8. М.Ю. Пимкин // Количественная оценка устойчивости сортов и форм яблони к хло-ридному засолению // Вестник Мичуринского Государственного Aграрного университета. ISSN 1992-2582 - 2011.-№ 2-1. 38-41 стр.
- 9. Quoirin M., Lepoivre P. / Etude de milieu adapte aux cultures in vitro / C R Acad Sci Paris, 1977. 281: 1309 р.
- 10. G. J. Minas, D. Neocleous / A protocol for rapid clonal micropropagation in vitro of pri-mocane-fruiting red raspberry cultivars. Agricultural research institute ministry of Agriculture, Natu-ral resources and the environment // Miscellaneous reports 95. 2007. ISSN 0253-6749, 3-8 p.
- 11. Б.Ж. Кабылбекова, Н.И. Чуканова, Т.Т. Турдиев, Н. Рымханова, И.Ю. Ковальчук (2020) // Оптимизация клонирования in vitro различных генотипов яблони // Вестник КазНУ. Серия биологическая, 80(3), 48–57. https://doi.org/10.26577/eb-2019-3-b5
- 12. Amiri E. M., Elahinia A. / Optimization of medium composition for apple rootstocks /African Journal of Biotechnology. 2011. Vol. 10 (18). Pр. 3594–3601.
- 13. Kepenek K., Karoglu Z. The effects of paclobutrazol and daminozide on in vitro micro-propagation of some apple (Malus domestica) 10. Cultivars and M9-rootstock // African Journal of Biotechnology. 2011. Vol. 10 No. 18 (2011). Pр. 4851–4859. Eissn: 1684-5315
- 14. M.L. Dubrovsky, A. V. Kruzhkov, N.L. Churikova / Patterns of development of advanced clonal apple rootstocks of the Michurinsk State Agrarian University selection in the mother planta-tion / BIO Web of Conferences 23, 01004 (2020). DOI:10.1051/bioconf/20202301004
- 15. H.A. Чурикова, Д.О. Горлов, С.А. Муратова / Оценка способности к укоренению по двойных форм яблони в условиях in vitro // Сб. Науч. Тру., посвященный 85-летию Мичу-ринского государственного аграрного университета,- Мичуринск, 2016. ISSN 1992-2582