Аңдатпа
Калий полиакрилатынан, вермикомпосттан және құрамында күкірт бар қалдықтардан тұратын қоспаны пайдалану кезінде гельдің түзілу үдерісі назарға алынды.
Жұмыстың мақсаты: калий полиакрилатынан, органикалық тыңайтқыш – вермикомпостан және күкірт-перлитті қалдықтан тұратын полимерлі-минералды гидрогельдің сұр топырақтың қасиетіне, өсімдіктердің өсіп-өнуі мен олардың сапалық тазалығына тигізетін әсерін зерттеу.
Калий полиакрилатының ісіну үдерісінің кинетикасы зерделеніп, вермикомпост пен құрамында күкірт бар қалдықтың қатысуымен полимердің ісіну дәрежесінің төмендейтіні айқындалды. Зертханалық және далалық тәжірибелердің нәтижелері бойынша қияр, жасыл бұрыш және қызылша өсімдіктерінің өсуі мен дамуына қатысты полимерлік-минералдық гельдің ынталандырушы белсенділігі анықталды.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей гель түзетін полимерлі-минералды қоспа ісінудің және кебудің көп реттік циклділігіне ие, биологиялық, атмосфералық және топырақ факторларының әсерлеріне жоғары дәрежеде төтептілік көрсете алады, экологиялық таза және қауіпсіз. Қоспа өсiмдiктердiң өсуi үшiн қажеттi суды, әртүрлi коректік және басқада қасиет көрсететін заттектерді құрылымында ұстап тұру қабiлетiне ие және өз бойынан біртіндеп топырақ ерітіндісіне оларды шығарып отырады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, гидрогелді қолдану жасыл бұрыштың, қиярдың, қызылшаның өнімділігін, тиісінше 21,3, 11,2, 34,6%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, өсірілген ауыл шаруашылығы өнімдеріндегі нитраттардың құрамы нормативтік көрсеткіштерден төмен, бұл олардың экологиялық тазалығын сипаттайды.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1. Nascimento C.D.V., Simmons R.W., de Andrade Feitosa J.P., dos Santos Dias C.T., Cristina M., Costa G. Potential of superabsorbent hydrogels to improve agriculture under abiotic stresses. Journal of Arid Environments, 2021, 189: 104496. doi: 10.1016/j.jaridenv.2021.104496.
- 2. Panova I.G., Ilyasov L.O., Khaidapova D.D., Bashina A.S., Smagin A.V., Ogawa K., Adachi Y., Yaroslavov A.A. Soil conditioners based on anionic polymer and anionic micro-sized hydrogel: a comparative study. Colloids and Surfaces A: Physicochemical and Engineering Aspects, 2021, 610: 125635. doi: 10.1016/j.colsurfa.2020.125635.
- 3. Sennakesavan G., Mostakhdemin M., Dkhar L.K., Seyfoddin A., Fatihhi S.J. Acrylic acid/acryla-mide based hydrogels and its properties — a review. Polymer Degradation and Stability, 2020, 180: 109308. doi: 10.1016/j.polymdegradstab.2020.109308.
- 4. Singh N., Agarwal S., Jain A., Khan S. 3-Dimensional cross linked hydrophilic polymeric network “hydrogels”: an agriculture boom. Agricultural Water Management, 2021, 253: 106939. doi: 10.1016/j.agwat.2021.106939.
- 5. Патент РФ №2189382 Влагонабухающий почвенный кондиционер и способ его получения. Авторы Байбурдов Т.А., Епишина Г.П., Ступенькова Л.Л.,Черкасов А.В., дата публикации патента: 20.09.2002.
- 6. Агафонов О.М., Ревенко В.Ю. Возможности полимерного гидрогеля как накопителя почвенной влаги в зоне неустойчивого увлажнения Краснодарского края. // Международный журнал гуманитарных и естественных наук – 2017. – №10. – С. 35-38.
- 7. Казеев К.Ш., Колесников С.И., Вальков В.Ф. Биологическая диагностика и индикация почв: методология и методы исследований. – Ростов на Дону: Изд-во Ростовского университета, 2003. – 204 с.
- 8. Хайруллина Т.П. Лабораторный практикум по методам экологических исследований: уч. пособие. – Благовещенск: Изд-во Дальневосточный ГАУ, 2015. – 143 с.
- 9. Новицкий М.Н., Донских И.Н., Чернов Д.В. Лабораторно-практические занятия по почвоведению. – СПб.: Проспект науки, 2009. – 320 с.
- 10. Программа и методы исследований гумусного состояния почв длительных опытов Геосети, реперных участков и полигонов агроэкологического мониторинга. – М.: ВНИИА, 2008. – 36 с.
- 11. Кидин В.В., Дерюгин И.П., Кобзаренко В.И. Практикум по агрохимии /под ред. Кидина В.В. – М: Колос С, 2008. – 599 с.
- 12. Саинова Г.А., Кожамбердиев Е.М., Акбасова А.Д., Ибраимов У.К. Серосодержащий отход сернокислотного производства ТОО «СКЗ-U» ценный коммерческий ресурс: /монография/. – Алматы: Алтын баспа, 2021. – 216 с.
- 13. Евразийский патент № 31039. Комплексное органоминеральное мелиорант-удобрение.
- 14. Байшоланов С.С., Оралбекова Н.А. Особенности агрометеорологических условий в Туркестанской области // Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. Химия. География. Экология сериясы, 2023. - № 1(142). – С. 107-120. ISSN: 2616-6771, ISSN: 2617-9962.
- 15. Саинова Г.Ә., Ақбасова А. Д, Байхамурова М.О., Есенбаева Ж.Ж. Сұр топырақтан қорғасынның жапырақты қыша өсімдігіне транслокациялануы // Ізденістер, нәтижелер. – Алматы: ҚазҰАУ, 2019.– № 2(82). – Б. 168-173.
- 16. Baikhamurova M.O., Sainova G.A., Akbasova А.D., Ali Ozler Mehmet, Anarbekova G.D. Тhe influence of the mixture of vermicompost and sulphur-perlite-containing waste on the yield and the guality of crops. Journal of Water and Land Development. 2021, № 49(IV-VI). –Р.213-218; https://doi.org/10.24425/jwld.2021.137114