Аңдатпа
Мақалада Алматы облысындағы «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы-1973» ЖШС-нің инкубациялық цехында орнатылған мини- тұйық жүйелі сумен қамтамасыз етілген қондырғыда тилапия (Oreochromis niloticus) және кларий жайынының (Clarias gariepinus) шабақтарын өсіру нәтижелері келтірілген. Жұмыс барысында жылуды жақсы көретін балықты өсірудің жалпы қабылданған әдістері қолданылды, судың сапасы гидрохимияда жалпы қабылданған әдістерге сәйкес бағаланды. Бағалы балық түрлерінің шабақтарын мини- тұйық жүйелі сумен қамтамасыз етілген қондырғыдағы судың негізгі гидрохимиялық көрсеткіштері туралы мәліметтер келтірілген, тилапия мен кларий жайынының шабақтарын өсіру және биологиялық көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау келтірілген. Зерттеу нәтижесінде тилапия мен кларий жайыны шабақтарының балықтық-биологиялық көрсеткіштері анықталды. Тірі қоректердің әр түрі (дафния, моина) оны балық азығы ретінде пайдалануға байланысты белгілі бір рейтингтік орынға ие болды.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде мини- тұйық жүйелі сумен қамтамасыз етілген қондырғыда тірі қоректі қолдана отырып тилапия мен кларий жайынының отырғызатын материалын өсіру тиімді екендігі анықталды. Өсірілген тилапия мен кларий жайыны шабақтарының 96-98% тірі қалу жағдайында, орташа салмағы 0,5-0,6 г құрады. Алынған нәтижелер көрсеткендей, онтогенездің алғашқы сатысында тилапия мен кларий жайынының шабақтарын өсіру кезінде моиналарды қолданған, дафниямен салыстырғанда тиімді.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1. Разработка экономически эффективных технологий выращивания ценных видов рыб и их внедрение на рыбоводных предприятиях Казахстана [Текст]: отчет о НИР (заключ.)/ КазНИИРХ; рук. Бадрызлова Н.С.; исполн.: Асылбекова С.Ж. [и др.]. – Алматы, 2017. – 188 с. – №ГР 0115РК02388. – Инв. №0217РК00669.
- 2. Оценка экономической и социальной эффективности технологий выращивания ценных видов рыб [Текст]: отчет о НИР (заключ.)/ КазНИИРХ; рук. Федоров Е.В.; исполн.: Мамбекова Ш.О.. [и др.]. – Алматы, 2017. – 229 с. – №ГР 0115РК02387. – Инв. №0217РК00677.
- 3. Жұмагелдиев А.А. Жергілікті шунгит минералы негізіндегі азықтық қоспа пайдаланған африкалық жайын етінің сапалық көрсеткіштері [Текст] / А.А. Жұмагелдиев [и др.] // Izdenister Natigeler. – 2021. – № 1(89). – С. 41-49. https://doi.org/10.37884/1-2021/05
- 4. Портная, Т.В. Биотехнология в рыбоводстве. Выращивание живых кормов: учебно-методическое пособие [Текст] /Т.В. Портная // – Горки: УО «Белорусская государственная сельскохозяйственная академия», 2021. – 129 с. – ISBN 978-985-882-081-7.
- 5. Толунбеков, Н.К., Қалым Қ., Бекбосынов С.Б. К проблему по приготовлению кормов в крестьянских (фермерских) хозяйствах [Текст] / Н.К. Толунбеков, Қ. Қалым, С.Б. Бекбосынов // Izdenister Natigeler. – 2021. – № 4 (92). – С. 106-112. https://doi.org/10.37884/4-2021/12
- 6. Djalil M., Isnansetyo A., Triyanto Т., Nugraha, T.A. Feed efficiency and growth of catfish (clarias sp.) Fed with the addition of immune-boosting fermented earthworms [Текст] /М. Djalil, А. Isnansetyo, Т. Triyanto, Т.А. Nugraha //Indonesian Aquaculture Journal. – 2022. – 17(2). – pp. 157-163. https://doi.org/10.15578/iaj.17.2.2022.157-163
- 7. Lim C., Yildirim-Aksoy M., Klesius P. Lipid and fatty acid requirements of tilapias [Текст] /С. Lim, М. Yildirim-Aksoy, Р. Klesius // North American Journal of Aquaculture. –2011. –73(2). – pp. 188-193. https://doi.org/10.1080/15222055.2011.579032
- 8. Лавровский В.В., Завьялов А.П. Эффективность различных способов кормления при выращивании тиляпии (Tilapia) в установках с замкнутым циклом водоснабжения [Текст] / В.В. Лавровский, А.П. Завьялов // – Изв. ТСХА. – 1999. – Вып.4. – С. 166-173.
- 9. Фаттолахи М. Рост африканского сома (Clarias gariepinus) при кормлении различными комбикормами в условиях УЗВ [Текст] / М.Фаттолахи // Материалы научной конф. молодых ученых и специалистов МСХА. – Т.2. – 2006. - М.: - Изд-во МСХА. – С.573-577.
- 10. Syzdykov K.N. et al. Experience of tilapia introduction at geothermal sources of Kazakhstan [Текст] / K.N. Syzdykov // Periodico Tche Quimica. - 2020. - №17(35). - С. 1096-1109.
- 11. Сыздыков К.Н., Асылбекова А.С., Мусин С.Е. Искусственное воспроизводство клариевого сома (Clarias gariepinus) в устройстве замкнутого водоснабжения с подпиткой геотермальными водами [Текст] / К.Н. Сыздыков, А.С. Асылбекова, С.Е. Мусин // 3i: Intellect, Idea, Innovation - интеллект, идея, инновация. - 2020. - №2. - С. 118-125.