Аңдатпа
Ет бағытындағы жергілікті жетілдірілген малды таза тұқымды етті тұқым жануарларымен (қазақтың ақбас сиыры, герефорд, ангус және т.б.) будандастыру арқылы алынған тауарлық малдың өнімділік көрсеткіштерін жақсарту будан малдардың өсуі мен дамуының әлеуетін арттыру және оларды жас кезінде 420–450 кг және одан да жоғары тірі салмаққа жеткізу есебінен сиыр етін өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жайылым кезеңінде бұзаулардың орташа тәуліктік салмақ қосуын арттыру жайылымдардың күйіп кету кезеңінде қосымша азықтандыруды қолдану арқылы жүзеге асырылды, бұл олардың сүттен кейінгі кезеңде өсуі мен дамуын неғұрлым толық жүзеге асыруға ықпал етті. Елімізде және шетелде жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижелерін талдау сиыр етінің мөлшері мен сапасын арттыру сүтті және сүтті-етті бағыттағы бордақылау малын пайдалануды қарқындату, сондай-ақ етті мал шаруашылығын жедел дамыту есебінен мүмкін екенін көрсетті. Зерттеу нәтижелері герефорд тұқымды жануарлар әртүрлі тұқымдармен үйлестірілген кезде жоғары үйлесімділік дәрежесімен ерекшеленетінін көрсетті. Қан құрамында герефорд үлесі бар будандар ет өнімділігі көрсеткіштері бойынша аналық тұқымдас құрдастарынан басым болды. Герефорд тұқымды жануарлар өндірістік будандастыруда да, жаңа тұқымдарды шығаруда да қолданылады. Тәжірибеде бұқашықтардың өсуі мен дамуын бақылау ай сайын өлшеу және орташа тәуліктік салмақ қосуын анықтау арқылы жүргізілді. Жас малдың қалыпты дамуының негізгі шарттарының бірі – өсу кезеңдерінің әрқайсысына сәйкес келетін мақсатты рацион болып табылады. Сондықтан герефорд тұқымды бұқашықтардың өсу энергиясына азықтандыру деңгейінің әсерін бағалау мақсатында шаруашылық жағдайында зерттеулер жүргізілді. Герефорд будандары сойыс салмағы бойынша өз құрдастарынан 22,2 кг-ға (8,62 %) артық болды, бұл олардың әлеуетті ет өнімділігінің жоғары екенін көрсетеді.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- Давыдов А. Рекомендации, опыт применения технологий мясного скотоводства. Селяночка — портал для фермеров. URL: http://fermer02.ru
- Жазылбеков Н.А., Кинеев М.А., Тореханов А.А., Ашанин А.И., Мырзахметов А.И., Сейдалиев Б.С., Таджиев К.П. (2008). Кормление сельскохозяйственных животных, птиц и технология кормов в современных условиях. ― А.: Бастау, 2008. 436 с.
- Заяц О.В. (2018). Показатели мясной продуктивности и методы их оценки у мясного скота. Методические рекомендации. 2018. URL: https://repo.vsavm.by/bitstream/123456789/4238/1/m-2018-8-5.pdf
- Калмагамбетов М., Искаков К., Кулатаев Б., Каташева А., Джетписбаева Б. (2025). Нагул молодняка мясного скота с продленным сроком выпаса на естественных пастбищах. Исследования, результаты. 2025. №2(106). С. 61–72. https://doi.org/10.37884/2-2025/06
- Лаврова Г.П., Машкина Е.И. (2006). Зоотехнический анализ кормов: учебное пособие. ―Барнаул: Изд-во АГАУ, 2006. 30 с.
- Лакин Г.Ф. (1990). Биометрия. 4-е изд. ― М.: Высшая школа, 1990. С. 37–53.
- Линник Л.М., Гасанов Ф.А., Парчинская Н.В. (2011). Мясная продуктивность помесных и чистопородных герефордских бычков. Актуальные проблемы интенсивного развития животноводства. Горки, 2011. Вып. 14(1). С. 253–257. URL: https://cyberleninka.ru/article/n/myasnaya-produktivnost-pomesnyh-i-chistoporodnyh-gerefordskih-bychkov
- Мансурова М.С., Бактыгалиeва А.Т., Колпаков В.И., Джуламанов Е.Б. (2021). Диаметр мышечных волокон и качество мяса бычков и кастратов разных генотипов при различных режимах кормления. Вестник ДальГАУ. 2021. №4. С. 54–60. URL: https://vestnik.dalgau.ru/upload/iblock/0f2/Mansurova.pdf
- Омбаев А.М., Жазылбеков Н.А., Калмагамбетов М.Б., Кинеев М.А. Основы опытного дела в животноводстве и пастбищном кормопроизводстве. ― А., 2017. С. 8–39.
- Харламов А.В., Левагин В.И. (2013). Технология мясного скотоводства — основа ведения отрасли. Нивы Зауралья. 2013. №9. С. 109.
- Ge F., Li J., Gao H., Wang X., Zhang X., Gao H., Zhang L., Xu L., Chen Y. (2023). Comparative analysis of carcass traits and meat quality of indigenous cattle breeds in China. Journal of Food Composition and Analysis. 2023; 115: 105645. https://doi.org/10.1016/j.jfca.2023.105645.
- Kim S.I., Lee H.J. (2023). Effect of dietary energy level on growth performance and physico-chemical characteristics of cattle muscle tissue. Journal of Animal Science and Technology. 2023; 65(6): 1214–1228. URL: https://www.ejast.org/archive/view_article?pid=jast-65-6-1214.
- Phillips C.J.C. (2018). Principles of cattle production. 3rd ed. CABI,2018. https://doi.org/10.1079/9781786392701.0000.
- Ponnampalam E.N., Priyashantha H., Vidanarachchi J.K., Kiani A., Holman B.W.B. (2024). Influence of nutritional factors on fat content, fatty acid profile and sensory properties of meat and milk of domestic ruminants: a review. Animals. 2024; 14(6): 840. https://doi.org/10.3390/ani14060840.
- Tefera T.D., Mummed Y.Y., Kurtu M.Y., Letta M.U., O’Quine T.G., Vipham J.L. (2019). Effect of age and breeds of cattle on carcass and meat characteristics of Arsi, Boran and Harar cattle in Ethiopia. Open Journal of Animal Sciences. 2019; 9: 367–383. https://doi.org/10.4236/ojas.2019.93030