Аңдатпа
Таңқурай Rosacealus тұқымдасына жатады (RosaceaLuss.). Rubus L. субгенус таңқурай (Idaebatus) 120-дан астам түрді қамтиды. Олардың көпшілігінде жемістері қызыл, сары, ақ формада. Өндірісте қызыл таңқурайдың әртүрлі сорттары өсіріледі (Rubusidaebatus L.). Соңғы жылдары ремонтантты таңқурай сорттарын шығаруға көп көңіл бөлінді. Таңқурай ең құнды жидек дақылдарының бірі. Бұл ерте пісіп жетілетін және өнімді дақылдардың түрі [1]. Мақалада шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін перспективті дақыл ретінде ремонтантты таңқурай өсірудің экономикалық тиімділігі қарастырылады. Шаруашылықты құру және күтіп-ұстау шығындарына, өнімділікке, өткізу деңгейіне және рентабельділігіне талдау жүргізілді. Тиімділік көрсеткіштерінің есептеулері және кірісті арттыру үшін агротехнологияларды оңтайландыру бойынша ұсыныстар берілген. Зерттеу жұмыстары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты «Айдарбаев», «Хишков» шаруа қожалықтары мен «Семиречье» питомнигінде жүргізілді. Зерттеу объектісі болып remontant таңқурай сорттары болды. Ресейде өсірілген ремонтантты таңқурайының перспективті сорттары: Брянское Диво, Карамелька, Оранжевое чудо, Нижегородец, Малиновая гряда, Гибрид-39, Поляк селекциясының сорттары - Полка және Полана сорттарына жүргізілді. Бақылау ретінде «Полка» таңқурай сорты алынды.
Ремонт таңқурай фермерлер арасында жоғары өнімділікке, маусымда екі өнім алу мүмкіндігіне және ауруға төзімділікке байланысты танымал бола бастады. Жаңа піскен және өңделген жидектерге сұраныстың артуы жағдайында оны өсірудің экономикалық орындылығын талдау ерекше маңызға ие.
Ремонт таңқурай формаларының артықшылығы-агротехникалық шараларды механикаландыруға және фунгицидтерге шығындарды болдырмауға мүмкіндік беретін арзан технологияны қолдану. Сонымен қатар, бұл дақыл әлемдік өндірісте де, Қазақстан Республикасында да құлпынайдан кейінгі екінші маңызды жидек дақылы болып табылады. Алайда, қазіргі уақытта біздің республикада таңқурай плантацияларының алаңдары құлпынайдан асып түсе бастады.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1. Kazakov I.V., Evdokimenko S.N., Malina remontantnaya. Moskva, 2007. S – 67.
- 2. ZHajlibaeva L.A., Olejchenko S.N., Esenalieva M.D. Izuchenie i otbor v god posadki perspektivnykh sortov remontantnoj maliny na yugo-Vostoke Kazakhstana. Issledovaniya, rezul'taty. 2019. - № 1. - S. 122-128.
- 3. ZHuchenko A.A. Adaptivnaya siste): Monografiya. V dvukh tomakh. M.: Izd-vo RUDN. 2001. - 1492 s.
- 4. Dospekhov B.A. Metodika polevogo opyta. – M.: Kolos, 1980. - S. 169- 184.
- 5. Zhajlibaeva L.A., Olejchenko S.N., Esenalieva M.D., Demirtas I. Osobennosti perspektivnykh sortov remontantnoj maliny na YUgo-Vostoke Kazakhstana. №1 (97) Issledovaniya, rezul'taty. 2023. - № 1. - S. 122 -128. DOI: https://doi.org/10.37884/1-2023/06
- 6. Ivanov I.I., Petrova A.B. EHkonomika sel'skogo khozyajstva. - M.: AgroPress, 2020.
- 7. Smirnov V.S. YAgodovodstvo Rossii. - SPb.: Nauka, 2021.
- 8. Ministerstvo sel'skogo khozyajstva RF. Metodicheskie rekomendatsii po raschyotu rentabel'nosti agroproizvodstva. - 2022.
- 9. L. Zhailibayeva S. Oleichenko., Y. Dutbayev., Yessenaliyeva., R. Mazhitova., I. Demirtas. Influence of Varietal Characteristics and Planting Schemes of Remontant Raspberries on their Productivity. OnLine Journal of Biological Sciences 2024, 170-177. http://dx.doi.org/10.3844/ojbsci.2024.170.177
- 10. Pantsyreva, H. V., et al. "Productivity and economical appraisal of growing raspberry according to substrate for mulching under the conditions of podilia area in Ukraine." Ukrainian Journal of Ecology 10.1 (2020): 210-214. https://www.ujecology.com/articles/influence-of-fertilization-on-the-formation-of-grainproductivity-in-differentmaturing-maize-hybrids-78721.html